Top Gear бағдарламасының Қазақстанда түсірілген эпизоды BBC телеарнасынан қашан көрсетіледі?

18 Қаңтар 2017, 11:26
0
Top Gear бағдарламасының Қазақстанда түсірілген эпизоды BBC телеарнасынан қашан көрсетіледі? - © deadline.com
© deadline.com

Top Gear бағдарламасының Қазақстанда түсірілген эпизоды BBC телеарнасынан наурызда көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Top Gear редакторы Алекс Рентоннан хат келіпті. Хатта Қазақстанда түсірілген сюжеттің эфирге шығатын уақыты көрсетіліпті. BBC телеарнасының өкілдері бұл эпизодты 2017 жылдың наурызында көрсетуге уәде беріп отыр екен. Автожүргізушілерге арналған бағдарламаның түсірілімдері Қызылордада және Түркістанда 2016 жылдың қарашасында өткен.

"Top Gear өкілдері өз бағдарламасында еліміздің дархан даласын, ұлттық ат спорты жарыстарының түрлерін және ұлттық тағамдарды көрсетпекші. Жалпы алғанда қазақ мәдениетінің дәстүрі көрсетіледі. Сондай-ақ, бағдарлама түсірілімдерінің Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау барысында өткені аталады", - деген еді осыған дейін Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі Артур Нығметов.

Түсірілім жұмыстары жарыстарға арнап жасалған қалалық ипподромда өткен. Сюжет бойынша, мұнда ескі Volvo, Mercedes және лондондық такси мен кеңестік ВАЗ-2106 жарысады. Жарысқа бағдарлама жүргізушілерінің бірі - жүргізуші-сынақшы Стиг қатысқан.

Еске салайық, былтыр наурызда Оңтүстік Қазақстан облысына BBC Two телеарнасының Top Gear автошоуының командасы жаңа маусымын түсіру үшін келіп жатыр деген хабар тараған болатын. Келген соң олар Шымкенттен Түркістанға жол тартады делінген еді.  

Top Gear - ағылшынның автомобильдерге арналған танымал бағдарламасы. Бағдарлама 1977 жылдан бері шығып келеді. Бағдарламаның ресми тарату аудиториясы шамамен 350 миллион адам. Ұлыбританияда ол BBC Two және BBC Two HD арналарында таралады. Ал 2009 жылы Top Gear онжылдықтың үздік бағдарламасы атанған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай