10 тамыз 2020 13:08

"Абай жолы" эпопеясының видеосаммариі жарық көрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

massaget.kz massaget.kz

Massaget.kz жастар порталы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ерекше жоба жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Massaget.kz жастар порталы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ерекше жоба жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Портал Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясының қысқаша мазмұнына doodle анимациялы видеосаммари дайындады. Видеожоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.

"Абай жолының" қысқаша мазмұны әр тарау бойынша дайындалды. Төрт томдық эпопея барлығы 28 тараудан тұрады. Бірінші томда 7 тарау, екінші томда 8, үшінші томда 6, төртінші томда 7 тарау бар. Әр видеосаммаридің ұзақтығы - 12-15 минут. Видеосаммари - кітаптың негізгі идеясын, мазмұнын видео түрінде ұсыну.


Жиренше мен Абай

"Өскелең ұрпаққа Абай жәдігерлерін насихаттап, оның еңбектеріндегі ізгі ойларды дарыту аса маңызды. Біздің бұл жобамыз көрермен көңілінен шығып, Абайды тануға себеп болады деп сенеміз", - дейді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.

Кішкентай көрермендердің назарын аудартып, картинаны қабылдау қабілетін арттыру үшін doodle анимация стилінде ұсынылды, дыбыстық фон қосылды. Жоба жетекшісі - Ернар Алмабек, суретшісі - Томирис Есқали, дыбыстаған - Шамшаддин Омаров.

"Абай жолы" әр оқыған сайын өзгеше күйге бөлейтін эпопеялық роман. Шығарма мектеп бағдарламасына кіргенімен, оқушылар кейіпкерін көзге елестетіп, эмоция кешіп, мазмұнын есте сақтай бермейді. Тіпті ересек адамдардың өздері де романның авторын білумен ғана шектеледі.

Абайдың туған күніне орай біз тілі де, мазмұны да күрделі шығарманың видеосаммариін дайындадық. Енді көрермен 28 тараудың мазмұнымен санаулы минуттарда таныса алады. Осылайша кітапқа деген қызығушылығы оянған олар күндердің бір күні том-томды парақтайды деген үмітіміз бар", - дейді жоба жетекшісі Ернар Алмабек.

Мазмұн мәтініне шығарманың негізгі бөліктері таңдалып, жазушының тілі мен көркемдік құралдары сақталған. Шығарманың бірінші томындағы тараулар әр дүйсенбі сайын Massaget TV YouTube-арнасында жарияланып тұрады. Жобаның ақпараттық серіктесі - Alash Media Group медиахолдингі.

Бүгін 10 тамыз, Қазақстандағы Абай күніне орай І томның "Қайтқанда" тарауы көрермен назарына ұсынылып отыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети