21 қыркүйек 2020 13:53

"Абай жолы" видеожобасының бірінші томы аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Massaget.kz порталы "Абай жолы" видеосаммариінің бірінші томын аяқтады. Massaget TV YouTube арнасында қазір жеті тарау жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Massaget.kz порталы "Абай жолы" видеосаммариінің бірінші томын аяқтады. Massaget TV YouTube арнасында қазір жеті тарау жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Абай жолы" видеосаммариінде кітаптағы негізгі оқиғалар мен кейіпкерлер қамтылған. Жоба авторлары 400 бетке жуық шығарманы 12-15 минуттық видеоға ықшамдаған.

Бірінші томда Абай адам, азамат ретінде қалыптасады. Ол әрбір сәтте әкесі Құнанбайдың, ағайыны мен өз ауылының мүддесінен әділет пен адамгершілікті жоғары қояды.

Алғашқы томның басында Абай қаладан далаға келе жатады, асығып, алып-ұшып, ауылына оралады. Ал аяғында әділетсіздік пен қайшылыққа толы өз ауылынан өзі безіп, даладан қалаға түңіліп қашып бара жатқандай болады.

Еске салайық, жоба Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарыққа шықты.

Эпопеяның барлық 28 тарауы жыл соңына дейін Massaget TV YouTube-арнасында жарияланады.

Қазір арнада бірінші томдағы "Қайтқанда", "Қат-қабатта", "Жолда","Шытырманда", "Бел-белесте", "Өрде", "Абай жолы" тараулары бар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети