АҚШ-та ақын Евгений Евтушенко қайтыс болды

02 Сәуір 2017, 00:28
1
Life.ru
Life.ru

АҚШ-та 85 жасында ақын Евгений Евтушенко қайтыс болды. Бұл туралы РИА Новостиге оның жесірі Мария Новикова хабарлады.

"Ол бірнеше минут бұрын туыстары мен жақындарының ортасында қайтыс болды. Ұйықтап жатқан кезінде жүрегі тоқтады", - деді ол. 

Айта кетейік, 31 наурызда Евтушенко ауыр жағдайда ауруханаға түскен еді. 

Евгений Евтушенко 1932 жылдың 18 шілдесінде дүниеге келген. Алғашқы өлеңін ол 1949 жылы жариялады. Ал үш жыл өткеннен кейін "Разведчики грядущего" деген атпен алғашқы кітабы шықты. 1991 жылдан бері ол АҚШ-та өмір сүріп келген.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай