08 қыркүйек 2017 15:57

Алматыда ең ірі Kitapfest кітап фестивалі өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының алаңында KitapFest кітап фестивалі өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының алаңында KitapFest кітап фестивалі өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

KitapFest кітап фестивалі - Алматы қаласының тұрғындары мен қала қонақтарының басын біріктіретін үлкен мегаполистің мәдени өміріндегі айтулы шарасы.

Алматы қаласының әкімдігі, "Бауыржан" қайырымдылық қоры, Еуразиялық франчайзинг ассоциациясы мен "Нұр Отан" партиясы биыл төртінші рет KitapFest фестивалінің кітап әлеміне саяхаттап, аталмыш шараның өткізілуіне атсалысып отыр.

Сонымен, қала күнінің аясында оңтүстік астанамыздың мәдени маңызы бар шараларының бірі - Алматылық IV KitapFest кітап фестивалін өткізеді.

Фестивальдің мақсаты - жастар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты насихаттап, оқырмандарға әдебиеттің маңызы мен деңгейін арттыру.

 

Қазақстандық жазушылар мен ақындардың шығармашылық лекциялары мен фестиваль қонақтарына арнайы шеберлік сыныптарын өткізеді.

Сондай-ақ, Алматылық кітап фестивалінде көптеген тосын сыйлар күтілуде, атап өтетіні қатысушылар мыңдаған кітаптарға тегін қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады.

Алматылық кітап фестивалінің басты ерекшелігі - заман ағымы қаншалықты алға басса да кітап оқу дәстүрі артта қалмайтының ескеріп, кітаптан нәр алу әрдайым рухани азық екенін жеткізу болып табылады.

Алғаш рет Kitapfest кітап фестивалінде "Кітап офлайн" шатыры жұмыс жасайды, ол жерде фестиваль қонақтары өздерінің желіде танымал тұлғаларымен "офлайн" тәртібінде кездесіп сұхбат құра алады. Олардың қатарында танымал феминист Алия Қадырова, "OYLA" журналының редакторы және "I Book You" жобасының жетекшісі Марина Шарипова, актер Әнуар Нұрпейісов, публицист Мәди Мәмбетов, қоғам қайраткері Аружан Сайын және тағы басқалары да бар. Жазушылар шатырында қазақстандық ақын жазушылармен кездесу өтеді. Олардың қатарында Вадим Борейко, Қанат Тасыбеков бар.

Фестивальдың ең кішкентай қонақтарына ұйымдастырушылар түрлі байқаулар мен шеберлік сыныптарынан тұратын ойын-сауық бағдарламасын ұсынады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети