Айтудың өзі ұят делінген ауыр және өткір оқиғаларды таңдадық: Ләйлә Сұлтанқызы жаңа кітабын таныстырды

20 Қаңтар 2018, 16:27
0
Айтудың өзі ұят делінген ауыр және өткір оқиғаларды таңдадық: Ләйлә Сұлтанқызы жаңа кітабын таныстырды -

Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы Алматыда "Әйел" атты жаңа кітабын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тележүргізуші және Жетінші арна директорлар кеңесінің мүшесі Ләйлә Сұлтанқызының екінші кітабы. Тиражы - 5 000 дана.

Кітапта түрлі кейіпкердің басынан өткен, көпшіліктің талқылауына жатпайтын және ұят деп есептелген жайттар жайында жазылады. Сұлтанқызының еңбегіндегі тақырыптың барлығы ойдан құрастырылмаған - олар қазақстандық әйелдердің автордың блогына жазған хаттарына берілген жауаптар. Сарапшылар ретінде психолог, маммолог, гинеколог, сексолог және стилист мамандар қатыстырылған.

Автордың ойынша, бұл кітап қазақстандық барлық әйелдер үшін пайдалы оқу құралы бола алады.

"Кітапта 123 әйелдің басынан өткен түрлі оқиғалар бар. Біз әйелдердің басынан өткен оқиғалардың ең ауыр, өткір, тіпті айтуға ұят дегендерін таңдап алдық. Оларға қалай көмектесуге болатынын мамандармен бірлесіп қарастырдық. Сарапшылардың барлығын жинаған соң, әйелдердің сұрақтарына жауап беріп қана қоймай, оларды қажетті арнаға бұрайық деп шештік", - деді тележүргізуші.

© Tengrinews.kz

Автордың айтуынша, ол әр оқиға үшін алаңдап, әрқайсы өз басынан өткендей сезімде болған. Кейіпкерлердің барлығына дерлігі аты-жөндерін жазбауды өтініпті.

"Хаттардың басым бөлігі былай басталады: "Мен аты-жөнімді айтқым келмейді", "Хатымды анонимді қалдырыңызшы", "Мен таңғы бесте жазып, жылап отырмын", "Менің жағдайым...", - деді ол.

"Кітап неліктен "Әйел" деп аталады? Әйел - отбасының ұйытқысы ғана емес. Қазақта мынадай мақал бар, "Әйел күліп жүрсе, әлем де күледі", деген. Расымен де ғой. Егер әйел бақытты болса, үйде де барлығы жақсы", - деді Сұлтанқызы.

Айта кетейік, Ләйлә Сұлтанқызы 2016 жылы "Менің екінші кітабым" атты күнделік-автобиографиясын шығарды. Кітап бестселлер болып, 2016 жылы қазақстандық авторлар арасында "Меломан" үздіктерінің көшін бастады.

Еске сала кетейік, 2017 жылы желтоқсанда Ләйлә Сұлтанқызының Жетінші арна модернизациясымен айналысатыны белгілі болды. Сонымен қатар, танымал журналист пен Tengrinews.kz порталының бірлескен жобасы шықты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай