02 қазан 2019 14:42

Берік Айтжанов Абайдың өлеңін оқыды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал қазақстандық актер Берік Айтжанов қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өлеңін оқыды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Әртіс "Бірге оқимыз" әдеби жобасына қатысты. 


Танымал қазақстандық актер Берік Айтжанов қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өлеңін оқыды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Әртіс "Бірге оқимыз" әдеби жобасына қатысты. 

Айтжановтың айтуынша, поэзия оқу ол үшін хобби әрі жұмыс. Сол себепті актер қазақ және әлем әдебиетін көп оқиды екен. Осы өлеңдң Айтжан жайдан-жай таңдамаған, ол осы роликті келесі жылы тойланатын Абайдың 175 жылдығына арнады. 

"Бұл өлеңді таңдаудағы себебім, оқып қана қоймай Абайдың өзін ұлықтау. Кітапты жиі оқимын, жалпы білім беру ғана емес, есте сақтау қабілетін жақсарту және ой-өрісті кеңейту үшін. Өзіме жүктелген образдарды ашу үшін көбірек оқуға тура келеді. Кәсібіме байланысты маған көптеген рөлдерді ойнаймын, мысалы, "Аманат" фильмінде Бекмахановты (Ермұхан Бекмаханов - тарихшы-ғалым) сомдадым, "Томирис" фильмінде де рөлім болды. Бұлардың барлығы ойдан шығарылмаған, тарихи тұлғалар", - дейді Берік Айтжанов. 

Айтжановтың айтуынша, қазір жастар кітап аз оқиды, бұл біздің заманымыздың соры. Актер кітап оқуды екінші орынға қоюға болады деп санайды. "Менің ойымша, қазір азғырулар көп. Кітап - барлық білімнің қоймасы, жаңа әлемге терезе. Сол себепті көбірек оқу керек. Бұл есте сақтауды жақсартып, адам фантазиясын дамытады", - деді Берік Айтжанов.

Айта кетейік, Alash Media Group холдингі мен ERG компаниясы бірлесіп "Бірге оқимыз" атты жаңа арнайы жобасын бастаған еді. Бұл жоба аясында түрлі туындыларды оқуға дайын эстрада, кино және телевизия жұлдыздарының қатысуымен теле- және радиобағдарламалар шығады. "Бірге оқимыз" жобасының негізгі мақсаты - қазақстандықтардың жас буыны арасында кітап оқуды насихаттап, қазақ тіліндегі туындыларға қызығушылықты арттыру. "Бірге оқимыз" арнайы жобасы ERG компаниясының қолдауымен өткізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети