13 тамыз 2014 14:23

Ғалымдар Ұлытауда зерттеу жүргізетін лагерін құрды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Саулет Сәкенов ©Саулет Сәкенов

Қазақ ұлттық географиялық қоғамы бастамасымен жолға шыққан экспедиция мүшелері Ұлытауда зерттеу жұмыстарын жүргізетін лагерлерін құрды, деп хабарлайды Massaget.kz. Ол Ұлытау ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 35 шақырым қашықтықта Зыңғыртас елді-мекенінің маңынан құрылған.


Қазақ ұлттық географиялық қоғамы бастамасымен жолға шыққан экспедиция мүшелері Ұлытауда зерттеу жұмыстарын жүргізетін лагерлерін құрды, деп хабарлайды Massaget.kz. Ол Ұлытау ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 35 шақырым қашықтықта Зыңғыртас елді-мекенінің маңынан құрылған.

Барлық керек-жарақтарды жасақтап, жергілікті мекеннің әкімдігімен де қажет құжаттарды толтырған. Негізгі база жоспарлы археологиялық мекендер болған Алаша хан мен Жошы хан кесенелері, Едіге тауы, Хан Ордасы, сақтардың обалары болып табылатын "Мұртты обалардан" ортақ қашықтықта орналасқандықтан, жолдың қашықтығы жоспарлы экспедицияға бөгет бола алмайды.

Ұлытау аумағындағы су ресурстарын табу мақсатында арнайы келген Назарбаев Университетінің студенті сол аймақта ернеуі бітеліп қалған бұлақ көзін ашты.

Ендігі жоспар Едіге мен Тоқтамыс мазарлары орналасқан Едіге шыңына шығу болып отыр. Ноғай немесе Маңғыт атауымен белгілі болған Орданың негізін қалаған Едігенің жерленген жерін алғаш рет Шренконың басшылығымен жасалған экспедициямен келген Шоқан Уәлиханов өзінің қолжазбаларында келтіріпті.

"Едігенің жерленген жері таспен көмілген. Таудың аты да ел арасында тарихи тұлғаның есімімен аталып кеткен", – дейді Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамының ғылыми жобалар бойынша аға менеджері, экспедиция жетекшісі Сәулет Сәкенов.

Естеріңізге сала кетейік, аталған экспедиция Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамының бастамасымен Астанадан жолға шыққан болатын. Экспедиция тамыздың 22-сіне дейін тарихи маңызға ие аймақтарды жан-жақты қайта зерттеуді алдына мақсат етіп қойып отыр.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети