21 тамыз 2014 11:22

Ұлытаудағы Ақжар тауларының туристік әлеуеті мол

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Сәулет Сәкенов ©Сәулет Сәкенов

Қазақстан ұлттық география қоғамы экспедициясының ғалымдары Ұлытау өңірін зерттеуді аяқтауға таяды, - деп хабарлайды Massaget.kz.


Қазақстан ұлттық география қоғамы экспедициясының ғалымдары Ұлытау өңірін зерттеуді аяқтауға таяды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Экспедиция мүшелері Тамды өзенінің бойында, Қостанай облысының аумағына жақын жерде орналасқан каньонды аралап көрді. "Туристік компанияларды тартуға қол жетсе, жоспарлы жүрістің тағы бір өнімді нысаны табылғанын нық сеніммен айта аламыз", - дейді экспедиция жетекшісі, ҚҰГҚ ғылыми жобалар бойынша аға менеджері Сәулет Сәкенов.

Бұл маңдағы тау сілемдері саз топырақ пен гипстің түрлі минералдарымен араласып, ақ және қызыл түстерге боялып тұр. Австралиядағы Улуру төбешігіне өте ұқсас, бірақ құрылымы өзгеше тау жотасы адамның салмағынан төселіп кетіп жатыр. Дегенмен осынша жылдан бері қар мен жаңбырдың суына төтеп беріп келеді.

Экспедицияның туристік құрамы Ақжар тауларының Тамды өзенінің бойындағы тасқа салынған суреттер мен Ерден және Дүзен есімді тарихи тұлғалардың кесенесіне жақын жатқанын ескере отырып, Ақжар тауларын негізгі туристік нысан ретінде іріктеуге енгізді. Арғанаты тауларына баратын туристер жол-жөнекей осы жерден өтпек. Сол себепті бұл жолдың бойында табиғатқа зиян келтірмейтін, өлкеге бейімделген арнайы көліктерді жалға беруді дамыту қажет.

Еске сала кетейік, бұған дейін экспедиция мүшелерінің Ұлытау өңіріндегі таңбалы тастарды зерттегені хабарланған болатын. Тарихи ескерткіштерді қарау барысында өңірде су ресурстары тапшылығы анықталды. Жергілікті өзендер құрғап барады, су көздерінің сапасы нашар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети