25 тамыз 2014 15:59

Ұлытаудағы экспедиция киелі өңірді зерттеуді аяқтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Сәулет Сәкенов ©Сәулет Сәкенов

Қазақстан ұлттық географиялық қоғамының экспедициясына қатысушылар Ұлытау өңірін зерттеуді аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz.


Қазақстан ұлттық географиялық қоғамының экспедициясына қатысушылар Ұлытау өңірін зерттеуді аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Саяхаттың он күні ішінде алға қойылған міндеттердің түгелге жуығы орындалды. Біріншіден, жергілікті елді мекендердің экономикалық және географиялық ерекшеліктері туралы ақпараттар жиналды. Экспедиция мүшелері Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы тарихи нысандар тізімін толықтырды. Мамандар бұл тізімнің, өкінішке қарай, нысандар бойынша толық ақпаратты қамтымайтынын, олардың орналасу жағдайы туралы мәліметтердің нақты емес екенін айтты. Олар картаға аурухана, полицей учаскесі, асхана, анықтама орталығы сияқты туристерге қажетті нысандарды енгізді. Экспедиция мүшелері келешекте туристер үшін жол көрсеткіштері жүйесін оңтайландыру жөнінде ұсыныстар әзірлейтін болады.

Сонымен бірге, экспедицияға қатысушы ғалымдар жергілікті билік пен тұрғындар арасында су ресурстары мен олар қолданатын кәріз жүйелері жөнінде сауалнама жүргізді. Келешекте бұл мәліметтер Назарбаев Университеті зерттеушілерінің Қазақстанның су ресурстарын бағалау жөніндегі жұмыстарына қолданылады. 

Жергілікті тұрғындармен жұмыс барысында Тамды өзенінің жағалауынан таңбалы тастар анықталды. Экспедицияға қатысушылар Тамды петроглифтерін зерттеу үшін жаңа саяхат ұйымдастыру керектігін айтты.

Экотуризмді дамыту жұмыстары шеңберінде жергілікті билікпен келіссөздер жүргізілді. Жергілікті елді мекендер тұрғындарына экотуризм жүйесі мен тур ұйымдастыру мәселелерін түсіндіретін көшпелі семинарлар өткізу жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, 11 тамызда Ұлытауға арнайы экспедиция аттанған болатын. Оның мүшелері тарихи ескерткіштер мен табиғаты әсем жерлерді аралады. Экспедиция мақсаттарының бірі - қазақ үшін қасиетті өлкеде ұлттық саябақ ашу.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети