29 тамыз 2021 23:28

Жазушы Несіпбек Дәутайұлы қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Несіпбек Дәутайұлы © halyksozi.kz Несіпбек Дәутайұлы © halyksozi.kz

Жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Дәутайұлы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Дәутайұлы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаламгердің қазасын ақын Маралтай Райымбекұлы Facebook желісінде естіртті.

"Несіпбек ағам қайтыпты...
Қазағыма көңіл айтам!", - деп жазба қалдырған ақын.

Қаза туралы жазушы Бейбіт Сарыбай да әсерлі жазба жариялады.

Несіпбек Дәутайұлы - 1947 жылы 30 желтоқсанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Киров атындағы колхозда (қазіргі Кенен ауылы) дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты. Халықаралық "Дарабоз" әдеби бәйгесінің Бас жеңімпазы

1972-1980 жылдары аудандық "Қордай" газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарды. Жамбыл облыстық газетінде меншікті тілші болған. "Жамбыл" әдеби-көпшілік журналының бас редакторы қызметінде еді. Халықаралық Еуразия жазушылары қауымдастығының Құрметті мүшесі Қазақстан Жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети