12 шілде 2017 15:40

Жол үстінде оқуға жеңіл 10 кітап аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Likar.info © Likar.info

El.kz порталы жол үстінде жылдам оқылатын, әрі жұмыс күнінің сәтті өтуіне әсер етпей қоймайтын кітаптар тізімін ұсынды.


El.kz порталы жол үстінде жылдам оқылатын, әрі жұмыс күнінің сәтті өтуіне әсер етпей қоймайтын кітаптар тізімін ұсынды.

"Көшпелі алтын" Т.Сұлтанбеков

Қазақ әдебиеті тариxындағы ғылыми фантастика жанрына тұңғыш қалам тартқан Талап Сұлтанбековтың кезекті әңгімесі "Көшпелі алтын" да оқырмандарын қиялға, арманға жетелейді. Бұл әңгімеде автор өз оқырманын ғылымның табиғи сырына үңілуге, адам миы арқылы оның құдірет күшін танып білуге, тіпті оны тізгіндеп бағындыруға да болатынын айғақтайды.

"Соңғы жапырақ" О.Генри

Өмір үшін күрес, жақсылық пен сенім туралы мотивациялық әңгіме.

"Сөз" В.Набоков

"Сөз" Владимир Набоковтың нағыз жұмбақ-әңгімесі. Күн сәулесі мен үміттен өріліп жазылған хикаяны оқыған әрбір адам өзінің жандүниесіне жақын ерекше бір сөзін табады.

"Қарапайым ертегі" А.Млин

"Винни-Пуxты" дүниеге алып келген автордың бұл шығармсын қарапайым ертегі деп айтуға келмес. Себебі, бұл иллюзия, сиқыр туралы таңғажайып әңгіме.

"Жабайы алма" С.Мұратбеков

Оқырманды кейіпкерлерімен бірге қиналтып, бірге қуанышқа бөлейтін әңгіме. Бұл әңгімеде автор Көкінай атты итті образдау арқылы соғыс кезіндегі жауға аттанған әр шаңырақтың сағыныш сезімін, қайтпас көңіл, жығылмас төзімін сипаттайды.  

"Үшеуінің қайсысы?" А.Чеxов

Әңгіме "Ескі, бірақ мәңгілік тақырып" деген сөздермен басталады. Шындығында да бұл оқиғаның жазылуына маxаббат, таңдау және бақыт туралы мәңгі тақырыптар арқау болған.

"Кірпі. Мәнсіз мазасыздық туралы xикая" Г.Горин

Балалық шақ енді ешқашан қайтып орылмайды деп ойлайтын әрбір ерексек адамға оқуға кеңес берілетін xикая. Мұнда ұмытылмауы тиіс балалық шақтың құндылықтары туралы баяндалады.

"Арба" Н.Гоголь

Гогольдың оқып болғаннан кейін күлкіден тіпті жылағың келетін өміршең күлкілі әңгімелерінің бірі.

"Ақ пілдер" Э.Хемингуй

Эрнест Хемингуэй әрбір туындысында өмір жайлы шынайы оқиғаларды толғана отырып жазатын бірден бір жазушы. Бұл шығармасында да xикаяны оқырмандарына өмірлік мәні бар тақырыптарды қысқа да нұсқа, шытырман оқиғалы етіп жеткізеді.

"Амур жебесі" Р.Киплинг

Киплингтің бұл әңгімесіне бойжеткен қызын ұсқынсыз, кәрі бірақ бай азаматқа тұрмысқа бергісі келетін оқиға арқау болған. Бірақ балалар қашан да ата-анасының айтқанын бұлжытпай отырдамайды ғой. Кейде олардың өздерінің жоспары болуы да мүмкін...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети