Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Қазақ ақындары қырылған киіктер жайлы тебіренді

28 Мамыр 2015, 13:27
2
©Zoopicture.ru
©Zoopicture.ru

Қазақ ақындары Қостанай, Ақмола, Ақтөбе облыстарында қырылған киік жайлы өлең жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда қырылған киіктердің саны 100 мыңнан асып түсті.

Massaget.kz порталы киік жайлы тебіренген ақындардың жаңа өлеңдерін топтастырды. Сайттың әдебиет бөлімінің жетекшісі Шерхан Талаптың айтуынша, бұл әлеуметтік немесе экологиялық проблема ғана емес, сонымен қатар, қазақ халқының қасіреті. "Қазақ даласындағы жүз мыңнан аса киіктің қырылуы - аса қасіретті жағдай. Мұның нақты себінің анықталмауы да көңілге күмән ұялатады. Дүниеге бір сызат түссе, ол алдымен ақын жүрегіне түседі дейді ғой. Оқиғаны жанымен түсініп, жүрегінен өткізген ақындарымыз өз үнін өлең арқылы білдіріп жатыр. Біз осыны көпшілік назарынан тыс қалдырғымыз келмеді", - дейді ол. Басылымда Қалқаман Сарин, Ырысбек Дәбей, Әбдірайым Омаров, Мұнайдар Балмолдалардың өлеңдері жарияланды. Өлеңдерді мына жерден оқи аласыздар.

Айта кетейік, сайтта ақын Қалқаман Сариннің "...Қазақ - киік" деген өлеңіне арналып, видеоролик түсірілді. Мұнда телеарналардың киіктердің қырылғаны жайлы таратқан хабары көрсетіледі, кейін ақынның өлеңі оқылады.  

Ақын Ырысбек Дәбей қазақта киік жайлы аңыз-әңгіме, ән-күй, өлең-жырларымыздың барын еске салды. "Киік деген жануар қазақ үшін өте бір аяулы мақұлық қой. (...) "Адамның көздеріндей екі көзің" деп келетін Кәкімбек ағаның өлеңінен маң даланың мақұлығының тұтас бейнесі көрініп тұрады. Ал енді сол жануардың айдың, күннің аманында жүз мыңдап қырылып жатқаны жүрегіңді қақыратып, шеріңді қозғамай тұрысын ба?", - дейді ақын.

Сонымен қатар, бұл мәселе "Әдебиет порталы" сайтында да қозғалды. Мұнда Әлия Дәулетбаева, Ризабек Нүсіпбек, Саят Абенов сияқты ақындардың өлеңі қосылған.

Еске сала кетейік, биылғы сәуірден бастап Қазақстан бойынша 100 мыңға жуық киіктің қырылғаны белгілі болды. Бастапқыда мамандар киіктің неден өліп жатқанын айтқан болатын. ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталығы киіктердің қырылуының алдын-ала себебін атады, ол - пастереллез ауруы. Ал осыдан кейін ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті төрағасының міндетін атқарушы Мейірбек Молдабеков "Протонның" құлауы мен киіктердің қырылуы арасында тікелей байланыстың жоқтығын мәлімдеді. 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай