07 қыркүйек 2015 16:19

Қазақстандық ақын өз кітаптарын Мәскеу көрмесінде таныстырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Карина Сәрсенова Мәскеу көрмесінде Карина Сәрсенова Мәскеу көрмесінде

Қазақстандық ақын Карина Сәрсенова өзінің кітаптарын Мәскеу халықаралық кітап көрмесінде таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық ақын Карина Сәрсенова өзінің кітаптарын Мәскеу халықаралық кітап көрмесінде таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шығармашылық кездесу мен Карина Сәрсенованың "Хранители пути - сердце ангела" және "Любовь, как смысл бытия" атты кітаптарының таныстырылымы 3 қыркүйекте өтті және оған "Мәдениет пен өнер саласындағы еңбегі үшін" медаль табыс етілді.

Жазушының өкілі Әлихан Мұсатаевтың айтуынша, бірінші күні Карина Сәрсенованың әр кітабынан 100 дана көрмеге қойылып, барлығы сатылып кетті. Сонымен қатар, көрменің ұйымдастырушылары шығармашылық кеш ұйымдастырып, оқырмандармен кездесіп, оларды қызықтыратын сұрақтарға жауап беруді ұсынды.

Айта кетейік, "Хранители пути - сердце ангела" романы шын мәнінде адамзатты қандай күштің басқаратыны жайында. Ал екінші кітап - "Любовь, как смысл бытия", онда ақынның өлеңдерінен бастап пьесаға дейін жазылған. Олардың барлығы бір тақырыпқа арналған - адамның сүю және сүйікті болу қабілеті мен тілегі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети