05 маусым 2015 18:40

Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы мен жазушылары отандық әдебиетті таныту мәселесін көтерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© szh.kz © szh.kz

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова еліміздің көрнекті қаламгерлерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуге белгілі жазушылар, мәдениет қайраткерлері - Әкім Тарази, Әнес Сарай, Сәбит Досанов, Дулат Исабеков, Нұрлан Оразалин қатысты.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында отандық мәдениет, әдебиет, өнер және кітап шығару ісінің өзекті мәселелері, сондай-ақ мәдени-рухани ахуал, оның даму келешегі талқыланды. Әбдіқалықова Мемлекет басшысының "Бес халықтық реформаны жүзеге асыру ісінде жалпыұлттық құндылықтарды нығайтудың жетекші күші ретінде зиялылардың атқаратын рөлі зор" деген сөзіне тоқталды. Сонымен қатар, жаңа технологиялардың, инновациялық дамудың жоғары деңгейімен ерекшеленетін жаһандану үдерісіне Қазақстан белсенді түрде қатысушының бірі болып отырғанын атап өтті.

"Сондықтан ұлттық ментальдікті, мәдениет пен дәстүрді сақтап қалу аса маңызды мәселенің бірі болмақ. Бұл ретте қоғамның рухани-мәдени даму деңгейін айқындайтын отандық әдебиеттің алар орны айрықша", - деді ол.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан Жазушылар одағының ұлтты жан-жақты жаңғырту ісін жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратынын ерекше атап өтті. Шығармашылық зиялы қауым өкілдері отандық әдебиетті кеңінен таныту, көркемдігі жоғары шығармалар жазып, оларды бастыру, жалпы қазақстандықтарды мәдениет пен өнер ордаларына кеңінен тарту жұмыстарын күшейту қажет деген ортақ пікірге келді.

Айта кетейік, кездесу соңында Мемлекеттік хатшы тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети