17 маусым 2015 09:50

У қосылған тағамдардың рецепті туралы кітап шығатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© artbibliotechka.wordpress.com © artbibliotechka.wordpress.com

У қосылған тағамдардың рецепті туралы кітап шығатын болды, - деп хабарлайды "24.kz".


У қосылған тағамдардың рецепті туралы кітап шығатын болды, - деп хабарлайды "24.kz".

Порталдың мәліметінше, қыркүйек айында дүниежүзілік әдеби қауымдастық детектив ханшайымы Агата Кристидің 125 жылдығын тойлайды. Осыған орай негізгі шаралар жазушының туған жері Ұлыбританиядағы Торки қаласында өткізіледі. Оның барысында Агата Кристидің шығармаларында айтылған у қосылған тағамдардың рецептілері бар кітап көпшілікке жол тартатын болады.

"Бұл кітапты шығарған автор - Анна Мартинетти. Ол осы ерекше жинаққа детективтердегі у қосуға ең қолайлы тағамдар рецептілерін енгізген. Жазушы Мартинетти уланған тағамдар туралы тақырыпта қаламын кеңінен түртеді. Осыған дейін ол Шерлок Холмс туралы туындыдағы у қосылған тағамдарға арнап, Alimentaire Mon Cher Watson! кітабын шығарған еді", - делінген The Guardian жарияланымында.

Айта кетейік, жазушы кітапты ұсынып қана қоймай, Агата Кристидің асүйінде сол рецептілер бойынша бірнеше тағам пісіреді. "Бірақ әрине, ол бұл жолы асқа ешқандай у қоспайды", - деп жазады rbc.ru.

 

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети