16 қазан 2014 15:10

Кітапханалар оқырман тартудың амалын ойластыруы керек - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Кітапханалар оқырмандарды көптеп тарту үшін, сонымен қатар негізгі оқырман базасын жоғалтып алмауы үшін түрлі әдістерді қолдануы керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматыдағы "ХХІ ғасырдың кітапханасы - жаңа көкжиектер" халықаралық конференциясында Беларусь Ұлттық кітапханасының қолданушыларға қызмет көрсету және идеология бойынша директорының бірінші орынбасары Елена Долгополова осындай ұсыныс айтты.  

Оның пікір бойынша, мекеме басшылығы көрме алаңдарын, интерактивті ойындарды, квесттер мен басқа да білім беру және ойын-сауық шараларын белсенді түрде пайдалануы керек. "Адамдарға нан мен ойын-сауық керек болса, біз оларға оны беруіміз керек. Мүмкін сол уақытта олар рухани азық алатын шығар", - деді Долгополова. 

Оның пікірін Мәскеу мемлекеттік мәдениет және өнер университеті электронды кітапханалар кафедрасының профессоры Вадим Степанов та қолдады, ол кітапханалар "заман талабының деңгейінде қызмет" көрсетуі тиіс екенін айтты. "Құрамның өзгерісі қажет. Оқырман залы мен оқырман билеттеріне "Сау бол" деуіміз керек. Барлық қорды ашық қолданысқа беру керек. Кітапханалық кеңістікке түбегейлі модернизациялау керек. Адамдар келуі үшін, онда үйдегі немесе жұмыстағы жағдайдан жайлырақ болуы қажет, бірігіп жұмыс жасауға, жеке жұмысқа, оқу курсына қолайлы алаңдар. Адамдарды кітапханаға қайтару оңай. Оны кітап орны ретінде жауып, адамдардың орны етіп ашу керек", - деп мәлімдеді ол.

Айта кетейік, "ХХІ ғасырдың кітапханасы - жаңа көкжиектер" халықаралық конференциясы "Алматы - Достастықтың мәдени астанасы" жылы аясында өтіп жатыр. Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Тәжікстан ғылыми мекемелері қызметкерлері кітапханалық-ақпараттық инфрақұрылымдарының дамуы және осыған жақын салалардағы соңғы жетістіктер мен инновацияларды талқылап жатыр. Бұдан басқа, ТМД елдерінің жоғары музыка мекемелері кітапханалары өкілдерінің конференциясы болады, оның басты мақсаты "ТМД электронды нота басылымдары кітапханасы" жобасын талқылау болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети