26 қаңтар 2015 16:23

Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ілияс Есенберлин. ©astana.gov.kz Ілияс Есенберлин. ©astana.gov.kz

Астанада көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығына орай Астана қаласының білім басқармасы мен  "Астана дарыны" өңірлік ғылыми-практикалық орталығы елордада 27 қаңтарда ғылыми-практикалық конференция өткізеді. Оған білім беру мекемелерінің басшылары мен ұстаздары және жоғары сынып оқушылары қатысады. "Конференцияның мақсаты - жазушының әдеби мұрасымен таныстыру, оны насихаттау, жас ұрпақты әдебиет әлемнің рухани мол қазынасынан нәр ала білуге баулу", - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Ілияс Есенберлин - қазақтың ұлы жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінде өшпес із қалдырған тұлға. Өзінің тарихи шығармалары арқылы халыққа бағзы заманнан бастау алатын ұлы көшпенділер өмірінің лебін жеткізген жазушы. Оның қаламынан атақты "Көшпенділер", "Қаһар", "Ғашықтар" секілді романдар туған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети