15 қараша 2019 10:38

Нұр-Сұлтанда ақын Фариза Оңғарсынованың құрметіне көше атауы берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat © Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat

Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Фариза Оңғарсынованың құрметіне елорданың сол жағалауынан көше атауы берілді, - деп хабарлайды "Елорда Инфо" тілшісі.


Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Фариза Оңғарсынованың құрметіне елорданың сол жағалауынан көше атауы берілді, - деп хабарлайды "Елорда Инфо" тілшісі.

Көшенің салтанатты ашылу лентасын қала әкімінің орынбасары мен Фариза Оңғарсынованың ұлы Алмас Оңғарсынов кесті.

"Бүгін, міне, қазақтың дана қызы, дара қызы Фариза апамыздың атына көше атауы беріліп отыр. Біз өткенді ұмытпауымыз керек. Көше атауын беру өскелең ұрпаққа өнеге болудың белгісі. Фариза апамыздың қай өлеңін оқысаңызда өткір, ол мәселені тігінен айтатын кісі. Сонау Кеңес заманының өзінде апамыздың шығармасы ерекше есте қалатын. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметте еңбек етіп, Парламентте өз орны болды. Сондықтан елордада апамызға көше атауын беру жас ұрпаққа тәрбие берудің үлгісі деп білемін. Фариза апамыздың аты мәңгі өшпесін, бүгін көше атауынан бөлек біраз шараларды өткізу жоспарлануда", - деді қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен көшенің салтанатты ашылу рәсімінде.

Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары салтанатты шарадан соң ақынның зиратына барып құран бағышталатынын айтты.

Айтулы шараға жазушылар, қоғам қайраткерлері мен ақынның жақын туыстары қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети