24 мамыр 2014 16:57

25 миллион теңгені қай облыстың боксшылары алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ҚР бокс федерациясының баспасөз қызметінен алынды Фото ҚР бокс федерациясының баспасөз қызметінен алынды

Астанада бокстан 2014 жылғы Қазақстан кубогының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz, осы спорт түрінен отандық федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада бокстан 2014 жылғы Қазақстан кубогының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz, осы спорт түрінен отандық федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеребе тарту рәсіміне бокстан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы, Қазақстан ұлттық құрамасының үйлестірушісі Болат Әбдірахманов, әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасының және ҚР бокс федерациясының спорттық шаралар өткізу жөніндегі үйлестірушісі Берік Маржықбаев, Лондон Олимпиадасының жүлдегері Марина Вольнова қатысты.

Жалпы, Қазақстан бокс федерациясының президенті Т.А.Құлыбаевтың бастамасымен өткізіле бастаған командалық ел кубогы биыл бесінші рет ұйымдастырылмақ.

Әрі биыл аздаған өзгерістер енгізіліп отыр. Нақтырақ айтқанда, бірінші рет 25 миллион теңге көлемінде қомақты жүлде қоры тағайындалып отыр. Бұл қаражат жеңіске жетіп, кубокты иеленген құрама командаға табысталады.

Сондай-ақ, жылдағыдай барлық аймақты жағрафиялық орналасуларына байланысты бөлу жойылды. Бұл жол 16 аймақтың биылға дейінгі көрсеткіштері еленіп, рейтингтері бойынша төрт себетке бөлінді. Осылай әр себетен бір команда бір топқа түсіп, төрт топ бір-бірімен деңгейлес болып шықты. Яғни үздік командалар төрт топқа бөлініп кетті.

Сөйтіп, Марина Вольнованың жеңіл қолымен тартылған жеребе 16 құраманы төмендегі төрт топқа жіктеді:

«А» тобы: Маңғыстау облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Алматы, Павлодар облысы;

«В» тобы: Астана, Ақтөбе облысы, Батыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы;

«С» тобы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Ақмола облысы, Қызылорда облысы, Қостанай облысы;

«D» тобы: Қарағанды облысы, Алматы облысы, Атырау облысы, Солтүстік Қазақстан облысы.

Ширек финалда "А" және "С" тобының, ал "В" және "D" тобының үздіктері өзара кездеседі.

Сонымен қатар, екі аймақтың құрамалары тең түссе, қосымша жекпе-жек өткізілетін салмақ дәрежелері анықталды. Атап айтқанда, "А" тобында +91 келіде, "В" тобында 91 келіде, "С" тобында 69 келіде, "D" тобында 52 келіде қосымша кездесулер өткізілетін болады.

Жартылай финалда "А" және "С" тобындағы қосымша салмақ дәрежесі 75 келі, ал "В" және "D" тобындағы қосымша салмақ дәрежесі 69 келі болып бекітілді.

Егер финалда да екі құрама тең түссе, ел кубогының жеңімпазын 52 келі салмақтағы былғары қолғап шеберлері анықтайтын болады.

"А" тобындағы ширек финалдық жекпе-жектер Алматыда, "В" тобындағы ширек финалдық кездесулер Ақтөбеде, "С" тобындағы ширек финалдық айқастар Ақмола облысында, "D" тобындағы ширек финалдық дода Қарағанды облысында өткізілетін болып алдын-ала шешілді.

Ал жартылай финал мен ақтық сындағы жекпе-жектер дәстүрлі түрде 14-15 желтоқсан күндері Астанада өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ел кубогын жеңіп алған аймақтар – Астана қаласы (2010 және 2013 жылдар), Қарағанды облысы (2011 жыл) және Маңғыстау облысы (2012 жыл).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети