1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

36 жеңіс. Иван Дычконың қарсыласы анықталды 18 қараша 2021, 15:06

Ауыр салмақ дәрежесіндегі боксшы Иван Дычко 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өтетін бокс кешінде кіммен кездесетіні анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: instagram.com/ivandychko Фото: instagram.com/ivandychko

Ауыр салмақ дәрежесіндегі боксшы Иван Дычко 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өтетін бокс кешінде кіммен кездесетіні анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Дычко кәсіпқой рингте 36 жекпе-жекте жеңіске жетіп, бес рет жеңіліп, тағы бір кездесуін тең нәтижемен аяқтаған ресейлік боксшы Александр Устиновпен кездеседі. Оның еншісінде 27 нокаут бар. Устинов соңғы жекпе-жегін қыркүйекте өткізіп, WBC Азия чемпионы атағы үшін жекпе-жекте украин Владислав Сиренкодан мерзімінен бұрын жеңілген болатын.

Сондай-ақ, биыл наурызда ол Майамиде америкалық Террелл Джамал Вудспен жекпе-жек өткізіп, тең түсті. Ал 2020 жылдың шілдесінде Устинов уақытша WBA Asia титулы үшін жекпе-жекте отандасы Торнике Пуричамиашвилиді жеңді. Сондай-ақ, өз карьерасында Устинов WBA International, WBA Pan African және IBO Inter-Continental титулдарына ие болған.

Ауыр салмақ рейтингінде ресейлік боксшы 59-орында, ал Дычко 101-орында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Vesti.kz - Живи спортом 🇰🇿 (@vestikzsport)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram