UFC бойынша америкалық чемпион қыз қолдау көрсеткені үшін Головкинге алғыс айтты

05 Қараша 2015, 10:01
0
UFC бойынша америкалық чемпион қыз қолдау көрсеткені үшін Головкинге алғыс айтты - Twitter / GGG
Twitter / GGG

UFC бойынша америкалық чемпион Ронда Роузи қолдау көрсеткені үшін WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкинге алғыс айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасына жазды.

Қазан айының соңында Головкин Глендейл қаласындағы (Калифорния штаты, АҚШ) залға барды, ол жерде Роузи 14 қараша күні Мельбурнда өтетін титулдық жекпе-жегіне дайындалып жатыр. Оның қарсыласы Холли Холм болады, ол өткізген тоғыз жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен.

Айта кетейік, бұған дейін Головкин Роузидің жекпе-жегін асыға күтіп жүргенін айтып, оған сәттілік тіледі. Ал Роузи бір сұхбатында Головкинді сүйетінін айтты.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай