02 маусым 2022 11:26

"Абдырып қалады". Бивол Канелоны қалай жеңгенін ашық айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©Reuters Фото: ©Reuters

Дмитрий Бивол (20-0, 11 KO) "Ушатайка" YouTube арнасына берген сұхбатында Сауль "Канело" Альваресті (57-2-2, 39 КО) қалай шаршатып тастағанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Дмитрий Бивол (20-0, 11 KO) "Ушатайка" YouTube арнасына берген сұхбатында Сауль "Канело" Альваресті (57-2-2, 39 КО) қалай шаршатып тастағанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

- Альварес ерте шаршап қалғандай көрінді. Жекпе-жектің екінші бөлігіне таман қиымылында да, әрекетінде де байқалды. Бұл сені таңырқатқан жоқ па?

"Жоқ, мұндайды мен оның кейінгі үш айқасында да байқағанмын. Оның жаттығуын қайталап көрдім. Ойым: "Неге бұлай, не істейді сонша?". Ол қарсыласына жақындап, бар күшімен үш соққы жасайды екен. Ал осы кезде оған ешкім жауап қайтармайды. Ол бір-екі рет терең демалып алып, ары қарай ұрады. Мөшектің алдында тұрып, үш рет бар күшіңмен ұрасың - бұған үлкен қуат жұмсалады. Егер соққың тимей қалса, одан көп күш кетеді. Соққы ауаға жасалса, тіптен көп. Ол қарымта соққы алмаған кезде өзін жайлы сезінетінін көрдім. Ал осындай бар күшімен ұрғаннан кейін жауап қайтарсаң, ол абдырып қалады, одан кейін терең демала бастайды. Ол ауыр соққылар жасап, шаршап қалып отырды. Әрине, бар күшімен үш соққы жасаған соң демалып отырғысы келді, ал мен демалыс бермей қарымта шабуылдап отырдым", - дейді Бивол. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети