14 қараша 2021 18:00

AIBA қазақстандық әлем чемпионына үндеу жасады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©AIBA ©AIBA

Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновтың Белградта өткен 2021 жылғы әлем чемпионатындағы жеңісін еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қолыңнан келсе, қайтала. AIBA әлем чемпионы Сәкен Бибосынов", - делінген ұйымның Instagram парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от AIBA - Boxing (@aiba_official)

Сербияда Бибосынов төрешілердің бірауыздан шығарылған шешімімен 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда жеңіске жетті. Бокстан келесі Әлем чемпионаты 2023 жылы Ташкентте (Өзбекстан) өтеді.

Айта кетейік, 2021 жылғы әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов (48 келіге дейін), ал Махмуд Сабырхан (54 келіге дейін) және Серік Теміржанов (57 келіге дейін) күміс медаль жеңіп алды. Қоланы Қазақстан құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіпов (67 келіге дейін) алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети