19 маусым 2017 12:45

Әкесі баласын сабағандай болады - Қуат Хамитов Мейвезер-МакГрегор жекпе-жегі жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© YouTube © YouTube

Аралас жекпе-жектен Қазақстанның намысын қорғап жүрген Қуат Хамитов Vesti.kz порталына берген сұхбатында Флойд Мейвезер мен Конор МакГрегор арасында өтетін жекпе-жек туралы өз пікірін білдірді. 


Аралас жекпе-жектен Қазақстанның намысын қорғап жүрген Қуат Хамитов Vesti.kz порталына берген сұхбатында Флойд Мейвезер мен Конор МакГрегор арасында өтетін жекпе-жек туралы өз пікірін білдірді. 

"Мейвезер - МакГрегор кездесуі ең қызықты әрі тартысты кездесу болмақшы. Р4Р үздік боксшысы ММА-ның ең мықты спортшысына қарсы шығады. Бұл дегеніміз кезінде Әлидің жапониялық спортшыға қарсы ММА әдісі бойынша шыққаны туралы еске түседі. Ал жекпе-жек туралы айтатын болсақ, Мейвезердің басым түсетіні айдан анық", - деді ол.

Сонымен қатар, айтуынша, кез келген жекпе-жекте спортшылар шаршы алаңға шыққанда екеуі ғана бетпе-бет қалады. "Әркімнің де жеңіске үміті бар. МакГрегор бір раундтық кездесулерге дағдыланған, ол үшінші-төртінші раундта бойының және қолының ұзындығын пайдаланып жақсы соққылар жіберуіне болады. Сонымен қатар, ол солақай. Егер кездесу төрт раундтан асатын болса, біз онда бір спортшының екіншісін күл талқанын шығарғанына куә боламыз. Бұл құдды әкесі баласын сабағандай болады. Қорытынды туралы айтар болсам, Флойд дискваликация арқылы жеңеді, себебі МакГрегор соққылардың барлығына шыдап тұра бермей, ережені бұзып өзінікін жасайд", - дейді Хамитов.

Қазақстандықтың айтуынша, ол осы жекпе-жекті тарихи кездесу деп атады және трансляциясын сатып алатынын жеткізді. Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта спортшылардың өзіне деңгейі төмен қарсыласты таңдайтынын, ал осы жекпе-жекте ең мықтылар шығатынын мәлімдеді. 

Еске салайық, Флойд Мейвезер мен Конор МакГрегор арасында өтетін жекпе-жек 26 тамызда Лас-Вегастағы T-mobile Аrena-да өтеді. Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареске қарсы өткізеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети