06 желтоқсан 2015 10:29

АҚШ-та жеңіске жеткен қазақстандық боксшыға көрермендер ақша лақтырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Руслан Мәдиев. © sk-sport.kz Руслан Мәдиев. © sk-sport.kz

GGG командасындағы қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев (7-0, 3 КО) америкалық Томас Эррераға қарсы өткізген жекпе-жегінен кейін болған қызықты оқиғаны айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


GGG командасындағы қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев (7-0, 3 КО) америкалық Томас Эррераға қарсы өткізген жекпе-жегінен кейін болған қызықты оқиғаны айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшының айтуынша, жекпе-жектен кейін көрермендер рингке ақша лақтыра бастаған. Осылайша, аренаға жиналғандар көрсеткен өнері үшін Мәдиевке алғыстарын білдіріпті. "Жекпе-жек аяқталғаннан кейін көрермендер рингке ақша лақтыра бастады. Осыдан кейін бапкер көрермендердің менің көрсеткен өнеріме осылайша алғыстарын білдіріп жатқандарын айтты. Бұрын мексикалықтар солай істейтін, олар жекпе-жектің барлығын көріп болып, өздеріне ұнағанына алғыс ретінде рингке ақша лақтыратын. Кейін коуч мұндайды 25 жылдан бері көрмегенін айтты", - деп келтірді Мәдиевтің сөзін ВКонтакте желісіндегі GGG-ның ресми тобы.

Еске сала кетейік, жекпе-жек 4 желтоқсанда Калифорнияда өтті. Руслан Мәдиев америкалық Томас Эррераға қарсы өткізген жекпе-жегінде жеңіске жетті. Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық жігіт кәсіби рингтегі жетінші жеңісіне қол жеткізді. Ал оның қарсыласы 30 жастағы Эрерра 20 кездесу өткізіп, оның 15-ін жеңіліспен аяқтаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети