20 сәуір 2014 09:20

Әлем чемпионатындағы басты үмітіміз негізгі қарсыласын жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суретте – Абылайхан Жүсіпов. Фото ҚР бокс федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды Суретте – Абылайхан Жүсіпов. Фото ҚР бокс федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Қазақ боксының талантты жас қыраны Абылайхан Жүсіпов Софияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында басты қарсыласын ұтып, алтын жүлдеге қарай нық басты, деп жазады Tengrinews.kz.


Қазақ боксының талантты жас қыраны Абылайхан Жүсіпов Софияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында басты қарсыласын ұтып, алтын жүлдеге қарай нық басты, деп жазады Tengrinews.kz.

Болгарияның бас қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының алтыншы күні бірнеше боксшы жарқырап көзге түсті. Солардың бірі – 60 келі салмақ дәрежесіндегі Абылайхан Жүсіпов. Шешуіші жекпе-жектер таяған сайын кейбір салмақтарда алтыннан үмітті талантты боксшылардың жолдары ертерек түйісіп қалып, әлем біріншілігі қыза түсті.

Сондай жағдайлардың бірі 60 келі салмақ дәрежесінде жүзеге асып, қазақтың жас таланты, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Абылайхан Жүсіпов пен ресейлік, жастар арасындағы Еуропа чемпионы Темирлан Батдыев тым ертерек қолғап түйістірді. Шетелдік мамандар мұны финалдық айқасқа да балап, отқа май құя түсті.

Ал AIBA-ның ресми сайты Абылайханның 2013 жылы ешбір турнирде жеңілістің кермек дәмін татып көрмегендігін, сол үшін Азияның ең үздік жас боксшысы атанғандығын да баяндады. Сондай-ақ «Абылайхан әйгілі Абай қаласынан, бұл шаһарда Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев те шаршы алаңдағы жеңісті карьерасын бастаған» деп жазды.

Бір қызығы, Абылайхан мен Темирлан бұған дейін шаршы алаңда кездесіп көрмеген екен. Бұл жекпе-жекте Абылайхан сауатты тактикасымен және тамаша техникасымен басым түсті. Ол Батдыевтың шабуылдарын тойтара отырып, қарсы шабуылдарын сәті аяқтап, соққыларын діттеген жеріне тигізе білді.

Екі раундта басым түсіп, алға шықты. Үшіншісінде Ресей боксшысы қанша тырысса да, Абылайхан жеңісті уысынан шығарған жоқ. Бірақ соңғы раундта екі төреші Ресей боксшысының жеңіліп жатса да, намысты қолдан бермеуге тырысқан талабын ескеріпті. Жалпы есеп – 3:0 (29:28, 30:27, 29:28).

Жалпы, кешегі күн Қазақстан боксшылары үшін сәтті болды. Рингке шыққан төрт боксшымыз да жеңіске жетті. Әуелі 49 келідегі Шалқар Айқынбай Израиль боксшысы Михаил Остроумовтан 3:0 есебімен басым түсті.

Бұдан соң Абылайхан Жүсіпов басты қарсыласын жеңіп, құрама сапындағы жігіттерге рух берді. 69 келідегі Рақат Маржықпаев та жүлдеден дәмелі екендігін көрсетіп, AIBA туы астында өнер көрсеткен үнді үміті Манжитті 2:1 есебімен ұтты.

Ал ең соңында 81 келіде сынға түскен Вадим Казаков Австарлия жігіті Рейган Дессайксті тура осындай есеппен, төрешілердің екі айырылған шешімімен ұтып (2:1), келесі кезеңге шықты.

Бүгін Софиядағы әлем чемпионатында 1/8 финалдық жекпе-жектер өтеді. Шаршы алаңға сегіз боксшымыз шығады. Жас дарындарымызға сәттілік тілейміз.

49 келі: Шалқар Айқынбай – Михаил Остроумов (Израиль) – 3:0
60 келі: Абылайхан Жүсіпов – Темирлан Батдыев – 3:0
69 келі: Рақат Маржықпаев – Манжит (Үндістан) – 2:1
81 келі: Вадим Казаков – Рейган Дессайкс (Австарлия) – 2:1

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети