08 шілде 2014 21:56

Алматыда бокстан Президент кубогы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото kfb.kz сайтынан Фото kfb.kz сайтынан

Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында бокстан "Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы" IV халықаралық турнирі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында бокстан "Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы" IV халықаралық турнирі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Төртінші рет жалауын көтеріп отырған халықаралық турнир 8-13 шілде аралығында өтеді. Дәстүрлі турнирде Куба, Украина, Ресей, Әзірбайжан, Моңғолия, Таиланд, Өзбекстан, Ирак, Қырғызстан, Тәжікстан, Филиппин және Қазақстан боксшылары бақ сынайды.

Бүгін бірнеше салмақ дәрежесінде алғашқы електік жекпе-жектер өтті. Үш құрамда өнер көрсетіп жатқан Қазақстан боксшыларының ішінде жеңіліске ұшырағандары да бар.

Төменде бірінші күнгі жекпе-жектер қорытындысын назарларыңызға ұсынып отырмыз:

49 келі:
Турат Осмонов (Қырғызстан) – Назар Куротчин (Украина) – 3:0
Жомарт Ержан (Қазақстан) – Гангарад Ганерден (Моңғолия) – техникалық нокаут (2-раунд)
Теміртас Жүсіпов (Қазақстан) – Сантьяго Падрон (Куба) – 1:2

52 келі:
Ілияс Сүлейменов (Қазақстан) – Зайниддин Ходжамкулов (Тәжікстан) – 3:0
Бутти Чатчай (Таиланд) – Хорхе Парлай (Куба) – 1:2
Әділет Құрметов (Қазақстан) – Рэй Салудар (Филиппины) – 0:3
Ерлан Тамемов (Қазақстан) – Касим Муртдха (Ирак) – 1:2
Асқар Нұрлан (Моңғолия) – Шахобиддин Зоиров (Өзбекстан) – 0:3

60 келі:
Берік Әбдірахманов (Қазақстан) – Ақжол Суйланбекуулу (Қырғызстан) – 3:0
Шавкотжон Рахимов (Тәжікстан) – Пабло Кармона (Куба) – 3:0
Закир Сафиуллин (Қазақстан) – Ариз Ибрагимов (Әзірбайжан) – 3:0
Жаббар Аммар (Ирак) – Чарли Суарес (Филиппины) – 0:3

69 келі:
Данияр Елеусінов (Қазақстан) – Дмитрий Муратов (Ресей) – 3:0
Алмасбек Орынғалиев (Қазақстан) – Ариснодиус Диспэйн (Куба) – 0:3

81 келі:
Әділбек Ниязымбетов (Қазақстан) – Евгений Воронов (Ресей) – 3:0

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети