15 қыркүйек 2021 09:07

Әлімханұлы Головкинге қарсы жекпе-жек өткізу туралы сұраққа жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram © instagram

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) танымал отандасы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) танымал отандасы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Боксшының айтуынша, Головкин - оның ағасы. Ал Қазақстанда үлкенді сыйлау - дәстүр. 

"Жанкүйерлер менен GGG-ді неге жекпе-жекке шақырмайтынымды сұрайды. Жауап берейін. Ол - менің ағам. Қазақстанда үлкендерді құрметтеу керек, бұл біздің дәстүр. Кейбір жанкүйер мұны түсінбейтін шығар. Бірақ дәстүрді құрметтеу керегін бәрі біледі. Бұл - қазақ стилі", - деп жазды Әлімханұлы Twitter желісіндегі парақшасында.

Геннадий Головкин - орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Әлімханұлы да орта салмақта өнер көрсетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети