28 қараша 2017 14:40

"Америкалық құбылыс". Қанат Исламның келесі қарсыласы Джон Вера туралы не білеміз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Джон Вера. Сурет боксшының Instagram желісіндегі парақшасынан алынды. Джон Вера. Сурет боксшының Instagram желісіндегі парақшасынан алынды.

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам әлем чемпионы атағына тағы бір қадам жақындай түсті. Бүгін бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBA) отандасымызға келесі міндетті қарсыласын белгіледі. Ол - рейтингте екінші орында тұрған америкалық боксшы Джон Вера. Вера бірінші орта салмақтағы WBA чемпионының міндетті қарсыласы атану үшін жекпе-жек өткізуі керек. Осы орайда Vesti.kz порталы әлі жеңіліп көрмеген боксшы туралы кеңірек мәлімет беруді жөн көріп отыр. 


Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам әлем чемпионы атағына тағы бір қадам жақындай түсті. Бүгін бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBA) отандасымызға келесі міндетті қарсыласын белгіледі. Ол - рейтингте екінші орында тұрған америкалық боксшы Джон Вера. Вера бірінші орта салмақтағы WBA чемпионының міндетті қарсыласы атану үшін жекпе-жек өткізуі керек. Осы орайда Vesti.kz порталы әлі жеңіліп көрмеген боксшы туралы кеңірек мәлімет беруді жөн көріп отыр. 

Вера бокспен 11 жасынан шұғылдана бастапты. Бірақ, оның әуесқой бокстағы табысын ауыз толтырып айта алмаймыз. Боксшының айтуынша, жас кезінде ол тіпті ақша табу үшін боксты тастап, басқа тірлікпен шұғылданғысы да келген. Дегенмен кейіннен ол өмірін бокспен байланыстыратын болып шешеді. 

Абырой мен атаққа қол жеткізгенге дейін Джон бәрібір де бокс пен қосалқы жұмысты қатар алып жүрді. Ол Техас штатындағы қарапайым залдардың бірінде жаттығу жасап жүрді. Бірақ уақытының көп бөлігі қосалқы жұмысқа кеткен еді. Өйткені, ол пәтерінің ақшасын және қосымша шығындарын жабуы керек болатын. 



Джон кәсіпқой боксқа 23 жасында ауысқан. Оның командаластарының айтуынша, Вера дер кезінде кәсіпқой боксқа ауысқан екен. Дәл осы шағында ол барлық мүмкіндігін толығымен көрсете бастаған. 

"Құбылыс" ("Феномен" - Джон Вераның лақап аты) Техас штатының Форт Уэрт қаласында дүниеге келген. Бар ғұмырын Америкада өткізген және табысының барлығын отандастарымен байланыстырады. "Менің қаламның тұрғындары жетістіктеріммен мақтан тұтса деймін", - дейді сұхбаттарының бірінде Вера. Вераның әкесінің туыстары Пуэрто-Рикодан шықса, анасының туыстары мексикалықтар. 

Вера отбасының кенжесі. Оның ағалары мен әпкелері бар. Әу баста оның анасы бокспен шұғылдануға түбегейлі қарсы болған. Бірақ оның анасы кәсіпқой бокстағы әрбір кездесуін қалдырмай көріп келеді. Қазіргі таңда ол Вераның командасында. 



"Анаммен күн сайын сөйлесіп отырамын. Қазір ол менің командамның бір бөлігі. Ол менің жекпе-жек қарсаңына арнайы ас дайындайды. Менің жеке диетологым. Бұрындары ол боксты мүлде ұнатпайтын болса, қазір ол аренадағы ең қатты айғайлап отыратын адамдардың біріне айналды. Үнемі айғайлап, мені қолдап отырады", - дейді Вера анасы туралы. 



Вераның карьерасындағы ең маңызды кезеңдердің бірі қазақ боксымен байланысты. 2015 жылы ол тағы бір отандасымыз Радмир Ахмедиевпен кездесті. Ол кездесуде Вера нокаутпен жеңіске жетті. Бұл жеңіс Джонға кіші Рой Джонстың командасымен келісімшарт жасауға мүмкіндік берді. Рой Джонспен келісімшарт жасағаннан кейін ол өзіне жаңа белестерге жетті. 

"Ол жеңіс менің карьерамды керемет өзгертіп жіберді. Ахмедиевті жаңа Геннадий Головкин деп жүрді жұртшылық. Ол жігіттен көп үміт күтті. Мен осы кездесуде керемет соққы жасай алдым. Осы жеңістен кейін мен үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды", - дейді америкалық боксшы. 



Вераның алдағы жоспарларының ішіндегі ең маңыздысы - бірінші орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек. Бұл межеге жеткеннен кейін ол салмақ ауыстыруға ниетті. 

Бүгінде Вера WBA-NABA USA белбеуінің иегері. Солақай боксшы. Өте мығым. Ірі денелі. Сонымен қатар, мамандар Вераға қарсыластың мүмкіндігін керемет бақылай алатын боксшы деп бағамдайды. WBA рейтингінде екінші орында тұр. Кәсіпқой бокста 18 кездесу өткізген. Оның барлығында жеңіске жеткен, 11 кездесуде қарсыластарын нокаутқа түсірген. Вера Қанат Исламмен өткізетін кездесуі туралы өз ойын да бөлісіп үлгерді. 

"Шамасы мен WBA чемпионының міндетті қарсыласы болуы үшін Қанат Исламмен кездесу өткізетін сияқтымын. Осы мақсатта көп еңбектендім", - деп жазды Вера Instagram парашасында. 





Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети