Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

"Астана арландары" мен "Баку оттары" 26 сәуірде кездеседі

25 Сәуір 2014, 15:08
0
Фото vk.com/kazboxing
Фото vk.com/kazboxing

Бүкіләлемдік бокс сериясының жартылай финалында "Астана арландары" мен "Баку оттары" 26 сәуірде Астанада кездеседі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

23-сәуірде Астанаға ат басын бұрған әзербайжандық "Баку оттары" командасы жаттығу жұмыстарын бастап кетті. Бұйырса, ертең кешкі сағат 19:40 минутта күш сынасатын болады.

Осыған орай бүгін қос құрама өкілдері баспасөз мәслихатын өткізіп, салмақ өлшеу рәсімін жасады. Бес салмақ бойынша өтетін кездесуде 49, 56, 64, 75, 91 келі салмақ дәрежесіндегі боксшылар сынға түседі.

49 келі. Теміртас Жүсіпов - Хамза Наметов (Баку оттары)

56 келі. Мәди Шолақов - Гайрбек Гермаханов (Баку оттары)

64 келі. Асхат Уәлиханов - Гайбатулла Гаджиалиев (Баку оттары)

75 келі. Сергей Деревянченко - Сұлтан Мигитдинов (Баку оттары)

91 келі. Василий Левит - Абдулкадыр Абдуллаев (Баку оттары)

Бұған дей қос команда 6 рет кездесіп, оның төртеуінде әзірбайжандықтардың мерейі үстем болған. Оның үстіне осы маусымда Әзербайжан елінің боксшылармен қазақ жігіттері бір топта өнер көрсетіп отыр. Ширек финалда "Баку оттары" "Милан найзағайымен" жолығып, өз алаңында 5:0 есебімен жеңісті тойлап, қарымта кездесуде 4:1 есебімен ұтылса да алға шыққан болатын.

Қарымта кездесу 3 мамыр күні Әзірбайжан елінің Губа қаласында өтеді.

Команданың жаттықтырушысы Бейбіт Есжанов: "Жігіттерден күтеріміз көп. Өз алаңымызда 5:0 қылып ұтсақ қанекей?! Дегенмен өз жобалауымызбен боксшыларымыз 4:1 есебімен алға шығады деген үміттеміз. Ал қарсыластар алаңындағы сындағы құрама өкілдері ауысуы мүмкін. 81 келі салмақ бойынша Әділбек Ниязымбетов әлде Эхсан Роузбахани шығуы да ғажап емес", - деді.

Айта кетелік, екінші топтың жартылай финалда кездескен Ресей мен Куба құрамаларының алғашқы кездесуінде бостандық аралының өкілдері 3:2 есебімен алға шықты.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай