Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

"Астана Арланс" WSB финалының бірінші күнінде "Куба Домадорес" клубын жеңді

20 Маусым 2015, 19:37
1
©Vesti.kz
©Vesti.kz

"Астана Арланс" WSB финалының бірінші күнінде "Куба Домадорес" клубын 3-2 есебімен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Бірінші болып 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі кездесуде қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов "Куба Домадорес" клубының боксшысы Йоанис Аргилагосты жеңді. Бес раундтың қорытындысы бойынша, отандасымыз қарсыласынан 3:0 есебімен  (50:45, 50:45, 50:45) басым түсті.

Әлемдік бокс сериясының (WSB) финалындағы екінші жекпе-жекте Қайрат Ералиев пен Лондондағы олимпиада чемпионы Робейси Рамирес жұдырықтасты. 56 келіге дейінгі салмақ категориясындағы кездесуде Куба боксшысы жеңіске жетті. Айта кетейік, кездесу тартысты өтті, төрешілер бірінші және үшінші раундта Ералиевке басымдық берсе, қалған раундтар оның қарсыласының үлесіне тиді. Үшінші жекпе-жекте "Астана Арланс" капитаны Самат Бәшенов команда қоржынына екінші жеңісті салып берді. Ол 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Яснир Толедоны тізе бүктірді. Есеп - 3:0 (48:47, 48:47, 48:47).

Төртінші жекпе-жек өте тартысты өтті. 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мейірім Нұрсұлтанов Арьен Лопеспен кездесті. Жекпе-жек 3:0 (48:47, 48:47, 48:47) есебімен аяқталды. Нұрсұлтанов жекпе-жектен кейін берген сұхбатында дәл осы кездесуінің ең қиын болғанын айтты. "Бұл кездесу маусымдағы ең қиыны. Куба боксшысы өте күшті. Дайындалғаны көрініп тұр. Оның әдісін білдім. Ұтылып жатқанымды сездім. Кейін жеңіске жеттім. Қолдан келмегені де болды, алайда сәттілікке жеттім", - деді ол.

Турнирдің бірінші күнінің соңғы жекпе-жегінде Василий Левит "Куба Домадорес" жұлдызы Эрисланди Савон Котилламен кездесті. Қазылар алқасы бұл жекпе-жекте жеңісті Куба боксшысына берді. Айта кетейік, қазылар алқасының бұл шешіміне көрермендер наразылық көрсетіп, рингке қарай, шөлмек лақтырды. Оның үстіне кеш жүргізушісі бастапқыда жеңімпазды айту кезінде қателесті. Кейін кешірім сұрап, өз сөзін түзеді. Сонымен, турнир финалының бірінші күні 3-2 есебімен тәмамдалды.

Айта кетейік, ертең, 21 маусымда "Астана Арланс" клубынан мына спортшылар бағын сынайды: Олжас Сәттібаев, Зәкір Сафиуллин, Асланбек Шымбергенов, Нұрдәулет Жарманов, Иван Дычко. Ал қосымша жекпе-жекте Мейірболат Тойытов 56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Энди Круз Гомезбен кездеседі. 

Еске салайық, "Астана Арланс" - "Куба Домадорес" финалдық кездесулері екі күнге, 20-21 маусымға жалғасады. Турнир Астана қаласындағы "Дәулет" спорткомбинатында өтіп жатыр.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай