04 наурыз 2017 20:57

"Астана Арланс" клубы "Чайна Драгонс" боксшыларын тізе бүктірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық "Астана Арланс" клубы Дүниежүзілік бокс сериясының жаңа маусымында "Чайна Драгонс" командасын жеңді - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық "Астана Арланс" клубы Дүниежүзілік бокс сериясының жаңа маусымында "Чайна Драгонс" командасын жеңді - деп хабарлайды Vesti.kz.

Атырауда өткен кездесу 5:0 есебімен аяқталды. 

Бірінші жекпе-жекте 49 келіге дейінгі салмақта Теміртас Жүсіпов пен Джунджун Хе жұдырықтасты. Бес раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы басым болды.

Екінші жекпе-жекте Ілияс Сүлейменов (56 келіге дейін) Лонг Вангты тізе бүктіріп, есепте еселей түсті.

Үшінші жекпе-жекте 64 келіге дейінгі категорияда Ділмұрат Мәжитов Лю Янды төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі бойынша жеңді. Осылайша, қазақстандық команда жеңіске жетті. Айта кетейік, төртінші раундта Мәжитов қарсыласын екі мәрте нокдаунға түсірген, алайда қытайлық спортшы жекпе-жекті жалғастырды.

Төртінші текетіресте Сапарбай Айдаров пен Минганг Жао кездесті (75 келіге дейін). Қазақстандық басым түсті - 3:0. 

Ал соңғы жекпе-жекте Антон Пинчук пен Сергей Новико кездесті. Бұл жұдырықтасуда да "Астана Арланс" мүшесі 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети