18 наурыз 2017 10:17

Астаналық қыз Головкиннің жекпе-жегінің көрсетілімін ұйымдастырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фируза Кайлюкова. Фируза Кайлюкова.

Астана қаласының тұрғыны Фируза Кайлюкова "Қазмедиа Холл" киноконцерт залында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен америкалық Дэниэл Джейкобстың жекпе-жегінің көрсетілімінің демеушісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана қаласының тұрғыны Фируза Кайлюкова "Қазмедиа Холл" киноконцерт залында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен америкалық Дэниэл Джейкобстың жекпе-жегінің көрсетілімінің демеушісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Фирузаның айтуынша, ол Нью-Йорктегі Головкиннің жекпе-жегіне бара алмай қалғандықтан, осындай іс-шара ұйымдастыруды шешкен. "Мен Нью-Йоркке құрбыммен бірге барайын деп жатқан едім. Бірақ біз онда бара алмайтын болдық. Содан мен Астанада жекпе-жекті көруге болатын жерлерді іздей бастадым. Спорт-барларға қоңырау соқтым, бірақ олар бұл жекпе-жекті көрсете алмайтындарын айтты. Ал кейіннен мен былтыр қыркүйек айында "Қазмедиа орталығының" ғимаратында Головкиннің жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетілгенін білдім. Содан оларға да хабарластым, бірақ олар қазіргі уақытта жекпе-жектің көрсетіліміне демеушінің жоқ екенін айтты", - дейді астаналық қыз.

Сол кезде Фируза залды жалға алып, жекпе-жек көрсетілімінің демеушісі болуды шешеді. "Мен онда тек турист ретінде баратын едім. Ал мұнда адамдарға мереке ұйымдастыруға болады. Жекпе-жекті осында көргісі келетін адамдардың саны көп болғанын қалаймын. Сондықтан да мен бұл үшін ақшамды аямаймын", - деді Фируза.

Осылайша, астаналық қыз келесі күні "Қазмедиа орталығының" бас директорымен кездесіп, залдың ақшасын төлеуге келген. Содан арбаға танылған қыздың өз ақшасын жұмсамақ болғанын көрген орталықтың басшылығы барлық шығынды өз мойнына алған.

Сондай-ақ, Фируза Головкиннің Астанада EXPO-2017 көрмесінің аясында өтуі мүмкін жекпе-жегін көргісі келетінін және қазақстандық боксшымен кездескісі келетінін айтты.

Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді. Трансляцияның басталуы 19 наурызда 08:00-де.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети