12 желтоқсан 2022 10:11

Ата аңызға айналған қазақстандық бапкер қайтыс болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бокстан еңбек сіңірген қазақсатандық жаттықтырушы Феликс Цой 82 жасында өмірден өтті. Өлімінің себебі нақтыланған жоқ, - деп хабарлайды Tengri Sport.


Бокстан еңбек сіңірген қазақсатандық жаттықтырушы Феликс Цой 82 жасында өмірден өтті. Өлімінің себебі нақтыланған жоқ, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Феликс Цойдың отбасына оның шәкірттері, атақты спортшылар Ангелина Лукас пен Фируза Шарипова көңіл айтты.

"Қазақстанда бокстың дамуына бапкер Феликс Тихонович Цой зор үлес қосты. Оның шәкірттері - Рашид Кабиров, Болат Жұмаділов, Бақтияр Тілегенов. Рингте не істесем, бәрін сол кісі үйретті. Мен оны өзімнің алғашқы тәлімгерім және бапкерім деп санаймын! Оның әрбір сөзі, әр кеңесі есімде, және бәрін қолданамын... Әр жекпе-жекте, әр жекпе-жекке алдындағы әңгімеміз есімде! Феликс Тихонович - Аңыз адам! Мен сізбен жұмыс істегенімді мақтан тұтамын, мен сізді қатты жақсы көрдім және өмір бойы есімде сақтаймын", - деп жазды Анджелина Лукас.

Фируза Шарипова Цойдан тәлім алған алғашқы қыз екенін атап өтті.

"Ол маған әрқашан қарсыласыңның көзіне қарау керек деп айтатын, не болса да, тіпті жеңіліп жатсаң да. Ешқашан көңіліңді түсірмеуді, жеңіске сенуді айтатын. Мен үшін ауыр қайғы, жүрегім ауырып барады", - деп жазған спортшы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети