03 сәуір 2021 11:03

Аты аңызға айналған Тайсон мен Холифилд жекпе-жекке дайындалып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: hessentiallysports.com Фото: hessentiallysports.com

Ауыр салмақтағы аты аңызға айналған америкалықтар Эвандер Холифилд пен Майк Тайсон үшінші рет рингте кездеседі. vRINGe.com жекпе-жек 29 мамырда Майамидегі (АҚШ) Hard Rock Stadium-да өтетінін жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ауыр салмақтағы аты аңызға айналған америкалықтар Эвандер Холифилд пен Майк Тайсон үшінші рет рингте кездеседі. vRINGe.com жекпе-жек 29 мамырда Майамидегі (АҚШ) Hard Rock Stadium-да өтетінін жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Холифилд қауесеттерге жауап берді.

"Бәрі күшінде! Мен дайынмын! Тек осы жолы тістемей айқасуды сұраймын!", - деді ол.

Холифилд 1997 жылы маусымда өткен реванш жекпе-жек туралы айтып отыр. Ол кезде Тайсон Холифилд сүзгілене берген соң, құлағын тістеп алған. 

Осыдан кейін рефери жекпе-жекті жалғастырмақ болған, бірақ көп ұзамай жағдайды көріп Тайсонды дисквалификациялайды. 

Бірінші жекпе-жекте де (1996 жылы қараша) Холифилд жеңген, ол кезде қарсыласын шаршатып, соңғы раундтарда нокаутқа түсірді.

Тайсон үшінші жекпе-жек туралы өткен аптада бірінші болып жариялады.

"Бәрі білгенін қалаймын. Холифилдпен жекпе-жек 29 мамырда өтеді. Бұл жолы мен жеңемін", - деді ол.

Еске салайық, 2020 жылдың қарашасында Тайсон Рой Джонспен көрме жекпе-жек өткізіп, екеуі тең түсті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети