28 наурыз 2019 10:25

Батыр Жүкембаев келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыр Жүкембаев. Фото: Eye of the Tiger Management Батыр Жүкембаев. Фото: Eye of the Tiger Management

Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтің келесі жекпе-жегін қашан және қайда өткізетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтің келесі жекпе-жегін қашан және қайда өткізетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec ақпаратына сүйенсек, 27 жастағы Жүкембаев рингке 17 мамырда Монреалдағы (Квебек провинциясы, Канада) Montreal Casino-да өтетін бокс кешінде оралады. Қарсыласының кім болатыны әзірше белгісіз. 

Жүкембаев соңғы жекпе-жегін 16 наурызда осы аренада өткізіп, мексикалық Хильберто Месуді төрешілер шешімімен ұтқан еді. Тоғыз раундқа созылған жекпе-жек қазақстандық боксшының мансабындағы ең ұзақ кездесу болды. 

Жүкембаев кәсіпқой бокста 2015 жылдың қыркүйегінен бері өнер көрсетіп жүр, жекпе-жектерінің бәрін Канадада өткізген. Ол Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясымен жұмыс істейді. 

Қазір Батыр Жүкембаевқа америкалық промоутерлер қызығып жүр. Қазақстандықтың менеджері Анна Рева боксшының биыл америкалық нарыққа шығуды жоспарлап отырғанын айтты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети