Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Бейбіт Шүменов ақылды боксшы емес - Сергей Ковалев

05 Қараша 2014, 10:07
2

WBO версиясы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Сергей Ковалевтің пікірінше, қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов ақылсыз боксшы, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы ол Шүменовтың ІBF және WBA титулдарының иесі, америкалық Бернард Хопкинспен кездесуін талқылап отырғанда мәлімдеді. 

"Бернард қайран қаларлықтай болды. Ол әсерлі болды. Оның өте оңай жеңіске жеткенін көрдім. Шүменов ақылсыз боксшы. Ол тек бір соққыға сенеді", - деді Ковалев. Айта кетейік, ресейлік Хопкинспен жекпе-жекке шығады. Бұл кездесу 8 қарашада Атлантик-Ситиде өтеді. 

Еске сала кетейік, былтыр Ковалев Бейбіт Шүменовке қарсы рингке шыққысы келетінін мәлімдеген еді. Ресейлік боксшы қазақстандықтың WBA белбеуі болғанын әділетсіздік деп есептеді, онымен қоймай Бейбітті "суперчемпион" еместігін айтты. Қазақстандық өз кезегінде Ковалевке сөзі үшін жауап беруге тура келетінін ескертті.

31 жастағы Бейбіт Шүменов пен 49 жастағы Бернард Хопкинс 20 сәуір күні жұдырықтасқан еді. Орта салмақтағы IBF және WBA версиялары бойынша әлем чемпионы титулдарын біріктірген кездесу Нью-Йоркте өтті. 12 раунд қорытындысында қазылар алқасының шешімімен жеңіске Хопкинс жетті, осылайша ол қазақстандықтың WBA суперчемпионы атағын тартып алды. Шүменов туралы басқа да ақпараттарды мына жерден оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай