Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Бейбіт Шүменов қарсыласын 10-шы раундта жеңді

22 Мамыр 2016, 09:54
0

Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов америкалық Джуниор Райтты мерзімінен бұрын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте бәске 97,7 келіге дейінгі салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы тұжырымы тігілді. Шүменов жекпе-жекті бірінші раундтан-ақ бақылауға алды, бірақ бесінші раундта нокдаун алып қалды. Сегізінші раундта қазақстандық Райтты екі рет нокдаунға жіберді, бірақ америкалық кездесуді жалғастырды. Ал оныншы раундта тағы бір нокдаун алғаннан кейін Райттың өкілі рингке орамал лақтырып, төреші жекпе-жекті тоқтатты. Солайша, Шүменов техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

32 жастағы Шүменов кәсіпқой рингтегі 17-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр, олардың 11-і мерзімінен бұрын аяқталған. Қазақстандық боксшы екі мәрте жеңілген. 

Енді Шүменов WBA және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, ресейлік Денис Лебедевпен кездесуге міндеттелді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай