26 тамыз 2018 10:37

Боксшы жекпе-жекке шығып, бірінші секундта рингтен қашып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© youtube/Premier Boxing Champions © youtube/Premier Boxing Champions

Америкалық Кертис Харпер нигериялық Эфе Аджагбамен жұдырықтасудан бас тартып, гонг соғылған сәтте рингтен кетіп қалды. Оқиға 24 тамызда Миннеаполисте (АҚШ) өткен Premier Boxing Champions турнирінде болды. Оқиғаның видеосы YouTube каналда жарияланды. 

Нәтижесінде америкалық боксшы шеттетіліп, нигериялыққа жеңіс бұйырды. Бұл жеңіс тарихтағы ең жылдам келген жеңіс болды.

Кейін тілші Джордан Харди Twitter парақшасында осы жайлы жазып, Харперге оның гонорарының аздығы ұнамай, өзін сыйламады деп есептеп, жекпе-жекті ұйымдастырушыларға осылайша үндеу жасағанын мәлімдеді.

Ал Аджагбаның промоутері "Харпер қорқып кетті" деген болжам жасады. "Эфе өзінің қарсыласын бокс әлеміндегі ең қорқақ адам етті. Оны ұрудың өзі қажет болмады. Бір ғана көзқарас - қарсылас рингтен қашып кетті", - деп келтірді Eurosport Ричард Шефердің сөзін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети