21 мамыр 2015 09:21

Боксшылар Головкинмен кездесуден қашады - Рой Джонс кіші

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тofight.ru © Тofight.ru

Төрт салмақ дәрежесі бойынша экс-чемпион Рой Джонс кіші боксшылардың WBA (Super), IBO және WBC Interim тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпион Геннадий Головкинмен кездесуден қашатындарын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Спортшының айтуынша, қазақстандықпен жекпе-жекке берілетін гонорар тым аз. "Головкинмен кездесуге берілетін ақша тәуекел жасауға тұрмайды, одан кейін спортшылар ақша жақсы таба алмайды. Сондықтан да боксшылар онымен кездесуден қашады", - деді ол.

Экс-чемпион қазақстандыққа ресейлік Матвей Коробовпен кездесуді ұсынды. "Олардың рингте жұдырықтасу тәсілдері ұқсайды", - деді Рой.

Айта кетейік, Коробов өткен жылдың желтоқсанында орта салмақта WBO тұжырымы бойынша чемпиондық атаққа ағылшын Энди Лимен таласып, жеңіліп қалған болатын. Ол 32 кездесу өткізді, оның 24-де ғана жеңіске жетті.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 17 мамырда америкалық Вилли Монро кішімен кездесіп, оны 6-шы раундта жеңген болатын. Головкин 33 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 24 жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети