20 мамыр 2022 14:52

Бокстан ӘЧ: қазақстандық жүлдегерлер қанша сыйақы алды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©instagram.com/boxingkazakhstan/ ©instagram.com/boxingkazakhstan/

Қазақстан әйелдер құрамасының спортшылары Стамбулдағы әлем чемпионатындағы жетістіктеріне байланысты сыйақы алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстан әйелдер құрамасының спортшылары Стамбулдағы әлем чемпионатындағы жетістіктеріне байланысты сыйақы алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Түркиядағы турнирде қазақстандықтар бес медаль жеңіп алды: күміс (Алуа Балқыбекова - 48 келіге дейін) және төрт қола жүлде (Жайна Шекербекова - 52 келіге дейін, Дина Жоламан - 54 келіге дейін, Карина Ибрагимова - 57 келіге дейін және Валентина Хальзова - 70 келіге дейін).

Қазақстан бокс федерациясы (ҚҚБ) Балқыбековаға 30 мың доллар (шамамен, 13 миллион теңге), ал Шекербекова, Жоламан, Ибрагимова және Хальзоваға 10 мың доллар (4,3 миллион) берді.

Сонымен қатар, 2022 жылғы әлем чемпионатының жүлдегерлерін Халықаралық бокс федерациясы (IBA) да марапаттайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети