17 шілде 2014 15:44

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Kfb.kz ©Kfb.kz

2016 жылы бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚБФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


2016 жылы бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚБФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әйелдер арасындағы әлем біріншілігін өткізу құқығын Түркияның Стамбул қаласында өтіп жатқан жиын барысында Халықаралық бокс федерациясының (AIBA) атқарушы комитеті берді.

Әлем біріншілігін өткізуге Қазақстаннан өзге Ресей, Ұлыбритания және Қытай ниет білдірген. Қорытындысында 20 адамнан тұратын атқарушы комитет мүшелерінің 18-і Қазақстанды қолдаса, екеу Қытайға дауыс берген. Бұл әлем біріншілігіне Қазақстан құрамасының сапынан әлем біріншілігі мен Олимпиада ойындарында жүлде алған боксшы қыздар қатысады деп күтілуде. Айта кетейік, Олимпиада ойындарында әйелдер арасында тек 51, 60, 75 келіге дейінгі үш салмақтарда жүлде сарапқа салынады. 

Еске салайық, 2013 жылы Алматыда бокстан ерлер арасында әлем чемпионаты өткен еді. Бұл біріншілікті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келіп көрді. Ал чемпионаттың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы төрт алтын, екі күміс және екі қола алып, жалпы командалық есепте бірінші орын алды. 

Біздің құраманың сапынан бұл біріншілікте Біржан Жақыпов, Мерей Ақшалов, Данияр Елеусінов, Жәнібек Әлімханұлы чемпион атанса, Әділбек Ниязымбетов пен Иван Дычко күміс медаль иеленді. Қола жүлдені қоржынға Қайрат Ерәлиев пен Берік Әбдірахманов салды.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети