16 сәуір 2014 | 21:25

Бұрынғы әлем чемпионы Головкимен кездесуге ниетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Хассан Н’Дам Н’Жикам. Фото boxing.ru сайтынан алынды Хассан Н’Дам Н’Жикам. Фото boxing.ru сайтынан алынды

Орта салмақтағы WBA тұжырымының бұрынғы чемпионы француз  Хассан Н’Дам Н’Жикам WBA және IBO тұжырымдарының чемпионы, қазақстандық былғары қолғап шебері Генадий Головкинмен жұдырықтасуға ниетті екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Орта салмақтағы WBA тұжырымының бұрынғы чемпионы француз  Хассан Н’Дам Н’Жикам WBA және IBO тұжырымдарының чемпионы, қазақстандық былғары қолғап шебері Генадий Головкинмен жұдырықтасуға ниетті екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап.

"Мен қазір Головкинмен кездесуге дайындалып жатырмын. Ол орта салмақтағы әлемнің үздік боксшысы. Мен онымен осы жылдың соңында немесе келер жылдың басында кездессем деген ойдамын", - дейді Н’Жикам.

Н’Дам Н’Жикам өзінің чемпиондық атағынан 2012 жылы америкалық боксшы Питер Куиллиннен жеңіліп қалған соң айырылған. Бұл француз боксшысының кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңілісі болатын. 

Питер Куиллиннен жеңілген соң Н’Жикам екі рет шаршы алаңға шығып, екеуінде де жеңіске жетті. Енді ол кезекті кездесуін 16 сәуірде колумбиялық Фульженцио Зунигиға қарсы өткізеді. Содан кейін француз Генадий Головкинмен кездесуге ниетті. 

Бұған дейін Куиллин де Головкинмен жұдырықтасуға дайын екендігін айтқан еді. Бірақ, ол қазақстандық боксшыға қарсы тек қомақты ақша ұсынылғанда ғана шығамын деген. 

Геннадий Головкин болса өзінің соңғы жекпе-жегін ақпан айында өткізіп, ганалық боксшы Осуману Адаманы жеңген. Енді Головкиннің кезекті кездесуі 19 сәуірде АҚШ-та өтеді деп жоспарланған. Оның қарсыласы әлемнің бұрынғы чемпионы кіші Хулио Сезар Чавес болмақ. 

 

 

 

Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.19  course up  543.92  course up  5.27  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer