23 қазан 2014 10:05

Чавестың ұсынысын кез келген уақытта қабылдауға дайынбыз - Головкиннің промоутері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. ©REUTERS Геннадий Головкин. ©REUTERS

WBA (Super), IBO тұжырымдарының чемпионы және WBC белбеуінің уақытша иегері, 32 жастағы қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер кез келген уақытта мексикалық былғары қолғап шебері кіші Хулио Сезар Чавестың ұсынысын қабылдауға дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, бұған дейін Геннадий Головкин әлемнің ешкімнен жеңілмеген ең үздік боксшыларының қатарына қосылған еді. 

"Боб Арум шашамен бір ай бұрын Головкин мен Чавес арасындағы жекпе-жекті әлі де ұйымдастыруға болатынын айтты. Біз бұл ұсынысты кез-келген уақытта қабылдауға дайынбыз. Қазірше бұл жекпе-жек 19 шілдеде "Форум" кешешінде өтеді деген алып қашпа әңгіме ғана болды. Егер біз бұл кездесуді ұйымдастыра алатын болсақ, онда ол Головкиннің PPV жүйесіндегі бірінші жекпе-жегі болады. Ақылы таралым үшін ғана біз бұл жекпе-жекті ұйымдастыруды қаладық", - дейді Геннадий Головкиннің промоутері. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Еске салайық, бұған дейін Геннадий Головкин PPV жекпе-жектерін (ақылы трансляция) өткізгісі келетіні туралы айтқан еді. "Мен өзімнің промоутерім Том Леффлермен сөйлестім, маған PPV жекпе-жектері керек. Менің ойымша дәл қазір жанкүйерлерге үлкен шоу ұйымдастыратын уақыттың сәті түсті. Мен PPV жекпе-жегін қалаймын", - деген еді боксшы. Головкиннің келесі кездесуі 2015 жылдың ақпанында Монакода өтеді деп бекітілген.   

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети