03 маусым 2021 13:22

Данияр Елеусінов Головкиннің промоутерімен келісімшартын үзді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) ұлыбританиялық промоутер Matchroom-мен ұзақ мерзімді келісімшартын үзді. Бұл туралы Олимпиада чемпионының менеджері Зия Әлиев айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) ұлыбританиялық промоутер Matchroom-мен ұзақ мерзімді келісімшартын үзді. Бұл туралы Олимпиада чемпионының менеджері Зия Әлиев айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған дейін Matchroom және Эдди Хирнмен келісім аяқталғаны белгілі болған. Бірақ тараптар келіссөз жүргізіп жатқанын айтқан болатын.

"Біз келісімге келген жоқпыз. Олардың көзқарасы біздікінен бөлек. Келісімшарт аяқталды. Келіссөздер жүргіздік, бірақ келісімге келген жоқпыз. Бірнеше ұсыныс алдық. Солардың біреуін таңдаймыз", - деді Әлиев.

Енді қазақстандық боксшы жаңа промоутерін таңдап жатыр.

"Нұсқалар өте көп, себебі Данияр IBF рейтингінде сегізінші тұр. Ұсыныстар көп. Бірақ бізге сәйкес келуі керек. Сондықтан осылай созылып кетті. Даниярдың жекпе-жегі тамызда болады", - деді менеджер.

Boxingscene.com мәліметі бойынша, Данияр Елеусіновтың өзі кәсіпқой бокста әлемде ең мықты атанып, чемпион белбеуін жеңіп алу үшін көмектесетін жаңа промоутермен келісімшарт жасауды тағатсыздана күтіп жүргенін айтқан.

Бұған дейін бұрынғы әлем чемпионы Джулиус Индонгоны (23-3, 12 КО) нокаутқа түсіріп, IBF титулын жеңіп алған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети