22 қараша 2021 21:17

Данияр Елеусінов қатысатын бокс кешінің билеттері сатылымға шықты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/yeleussinovdaniyar Фото:instagram.com/yeleussinovdaniyar

IBO бойынша әлем чемпионы атағы үшін Қазақстанның Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов күресетін бокс кешіне билеттер ресми түрде сатылымға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 


IBO бойынша әлем чемпионы атағы үшін Қазақстанның Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов күресетін бокс кешіне билеттер ресми түрде сатылымға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

"18 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында еліміздегі ең айтулы бокс кештерінің бірі өтеді. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Данияр Елеусінов жартылай орта салмақта IBO белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді. Бүгін, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 15:00-де iticket.kz сайтында билеттер сатылымға шығады. Кез келген жанкүйер өзі қалағанын орнын таңдап, онлайн билет сатып ала алады", - деді бокс кешін ұйымдастырушы Зия Әлиев. 

Еске салайық, бұл кештің басты жекпе-жектерінің бірінде аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычко (10-0, 10 КО) жұдырықтасады. Оның қарсыласы ресейлік Александр Устинов болады. 

Сонымен қатар, бірінші рет 55,3 келіге салмақта Ержан Залилов пен Ескендік Харсан арасында Қазақстан чемпионы белбеуі сарапқа салынады. 

Ал Дәурен Елеусінов әзірбайжандық Али Мамедовпен кездеседі. Одан бөлек, бұл кеште Жанқош Тұраров пен Ангелина Лукас та кездеседі.

Бокс кеші Жақсылық Үшкемпіров атындағы Jekpe Jek сарайында өтеді, ал оны "Хабар" арнасынан тікелей эфирден тамашалауға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети