01 наурыз 2019 12:16

Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегін кәсіпқой рингте 60 рет жұдырықтасқан мексикалыққа қарсы өткізеді

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Фото: Тұрар Қазанғапов © Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) өзінің жаңа қарсыласының есімін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) өзінің жаңа қарсыласының есімін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олимпиада чемпионы келесі жекпе-жегін 15 наурызда Филадельфияда өткізеді. Негізінде оның қарсыласы мексикалық боксшы Карлос Хименес (14-9-1, 8 КО) болуы керек еді. Бірақ, уақыт өте келе ол 16 наурызда Канаданың Монреалында басқа қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевпен (14-0, 12 КО) кездеседі екен. Осыған орай Елеусіновтің қарсыласы өзгерген. Ол да мексикалық боксшы. Бірақ ол Батыр Жүкембаевтың қарсыласына қарағанда әлдеқайда тәжірибелі.

БАҚ мәліметі бойынша, Елеусінов 36 жастағы Сильверио Ортиспен (37-23, 18 КО) жұдырықтасады. Ол кәсіпқой рингте 60 жекпе-жек өткізген. Бұл жекпе-жек 8 раундтан тұрады.

Еске салайық, Елеусінов былтыр қарашада Монакода өткен бокс кешінде никарагуалық Маркос Мохикуды техникалық нокаутпен жеңген. Жекпе-жектің видеосын мына сілтеме арқылы көруге болады. Ол жекпе-жекте Елеусінов қарсыласын екінші раундта екі рет нокдаунға түсірген. Үшінші раундта никарагуалық тағы бір рет нокдаунға түсіп, осы раундтың 1:53 минуттында төреші жекпе-жекті тоқтатты.

27 жастағы Елеусінов кәсіпқой алаңда 5 жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңспен аяқтаған. Оның үшеуі уақытынан бұрын аяқталған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети