Данияр Елеусіновтің ағасы мексикалық қарсыласын 10 секундта жеңді

24 Ақпан, 12:16
1
Данияр Елеусіновтің ағасы мексикалық қарсыласын 10 секундта жеңді - Данияр және Дәурен Елеусіновтер. © instagram.com/dauren_yeleussinov
Данияр және Дәурен Елеусіновтер. © instagram.com/dauren_yeleussinov

Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов мексикалық Карлос Урреаны он секундта нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

32 жастағы қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жекпе-жегін Мексиканың Тихуана қаласында өткізді. Ол Мексикада бірінші рет өнер көрсетті. Оған дейін Дәурен тек АҚШ-та жұдырықтасып келді. Жекпе-жек басталысымен бірнеше секундтан соң Елеусінов қарсыласын нокаутқа түсірді, қарсыласы орнынан тұрды, алайда рефери оған жекпе-жекті жалғастыруға мүмкіндік бермеді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Осы жанга жекпе-жек ыстыктай корiп аларсыз)))

Публикация от Dauren Yeleussinov (@daurenyeleussinov)

Осылайша, қазақстандық боксшы спорттық мансабында сегіз кездесуде жеңіске жетті, оның жетеуін мерзімінен бұрын аяқтады. Сонымен қатар, ол бір кездесуде тең түскен. 36 жастағы Урреа осымен 26-шы рет жеңілді, оның 24-інде ол мерзімінен бұрын жеңілген. Бұрындары ол тоғыз кездесуде жеңімпаз атанып, төрт қарсыласын нокаутқа түсірген. 

Елеусінов 2014 жылдың желтоқсанынан бері кәсіпқой бокста өнер көрсетіп келеді. 2016 жылы маусым - 2018 жылы сәуірде қазақстандық үзіліс алды, ал былтыр мамырда шаршы алаңға оралып, қарсыласын нокаутқа түсірген еді. 

Айта кетейік, Дәурен Елеусінов Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің ағасы.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай