16 мамыр 2018 17:25

Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегінің барлық билеті сатылып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Данияр Елеусінов. © boxingscene.com Данияр Елеусінов. © boxingscene.com

6 маусымда Лондонда York Hall орталығында қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов өнер көрсететін бокс кешінің билеттері түгелдей сатылып кетті. Бұл кештің басты жекпе-жегі - Ұлыбритания достастығы чемпионы және жартылай ауыр салмақта WBA Continental чемпионы титулы үшін Лоуренс Околи (8-0, 6 КО) мен Люк Уоткинстің (13-0, 9 КО) кездесуі. Бұл туралы Matchroom Boxing ұйымдастырушылары мәлімеді.


6 маусымда Лондонда York Hall орталығында қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов өнер көрсететін бокс кешінің билеттері түгелдей сатылып кетті. Бұл кештің басты жекпе-жегі - Ұлыбритания достастығы чемпионы және жартылай ауыр салмақта WBA Continental чемпионы титулы үшін Лоуренс Околи (8-0, 6 КО) мен Люк Уоткинстің (13-0, 9 КО) кездесуі. Бұл туралы Matchroom Boxing ұйымдастырушылары мәлімеді.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, билеттер түгелдей сатылып кеткен, алайда қанша билет екені нақтыланбаған. York Hall орталығы 12 000 көрерменге арналған. 

Осы бокс кешінде Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (1-0, 1 КО) андеркартта өнер көрсетеді. Қазақстандық боксшы үшін бұл кәсіпқой бокстағы екінші кездесуі. Әзірге қазақстандықтың қарсыласы белгісіз.

 

Олимпиада чемпионы қазақстандық Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласы Ноа Киддті нокаутқа түсірді. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек 28 сәуірде Нью-Йорктегі "Барклайс" аренасында өтіп, кештің басты кездесуі - орта салмақтағы америкалық Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) пен поляк Мацеей Сулецки (26-0, 10 КО).

Елеусінов - Ноа кездесуі алты раундқа есептелген еді, алайда үшінші раунда аяқталды. 27 жастағы қазақстандық қарсыласын нокдаунға түсіріп, кейін соққысын үдеткен еді. Екінші нокдауннан кейін рефери есеп алып, Елеусіновке техникалық нокаутпен жеңісті берді.

22 жастағы Кидд карьерасында тұңғыш рет жеңіліп отыр - мұның алдында ол үш рет жеңіске жетіп, бір рет тең түскен еді.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа түбегейлі наурыз айының басында ауысты. Оған дейін бір рет баруға бел буғанмен, реті келмеген еді. Ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирнмен (Matchroom Boxing) үшжылдық келісімшартқа қол қойып, кәсіпқой бокстағы мансабына жол ашылды. Қазіргі таңда Эдди Хирн басқаратын компания құрамында аса ауыр салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпиондық атақтарына ие Энтони Джошуа бар. Сондай-ақ британдық промоутер Райан Барнетт (18-0, 9 КО) (WBA Super және IBF), Джейми Макдоннелл (29-2-1, 13 КО) (WBA), Халид Яфай (23-0, 14 КО) (WBA Super), Келл Брук (37-2, 26 КО), Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) сынды боксшылармен жұмыс жасайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети